12 АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ - РАМАЗАН

7 • 2018.06.01
Рамазан қандай ай? Рамазан – Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы. Рамазан – айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі. Рамазан – ақ пен қараны ажыратып, тура жолды көрсетуші «Құран» атты ұлық пәрмен жерге түсе бастаған мүбәрак ай. Рамазан – құлдың шын ықыласпен тәубаға келіп, Ұлы Жаратушысына қайта бет бұру заманы. Рамазан – Хақ Тағаланың мейірім-шарапаты ерекше асып-тасатын айрықша ай. Рамазан – пенделік қылықтардан мейлінше арылып, рухани барынша кемелденіп, ішіп-жеуден уақытша болса да тыйылып, «періштеге» ұқсап бағудың табылмас сәті. Рамазан – он бір ай бойы кір шалып, тот басуға аз қалған рух пен жүректің қайта тазарып, кемелденуі үшін Құдай Тағаланың арнайы бекіткен киелі бағдарламасы. Рамазан – атойлаған нәпсіге тойтарыс беріп, оған қыл бұрау сала ауыздықтау айы. Рамазан – қара ниетті шайтанның ауыз бекіткен адам баласын азғыруда амалы құрып, кері шегінетін айбарлы айы. Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.): «Рамазан айы келгенде, жәннаттың есіктері айқара ашылып, тозақтың есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді» деуі бұл айда шайтан атаулының көксегеніне жете алмай дымы құритынын білдіреді. Рамазан – құлдың Хақ Тағалаға барынша жақындау үшін күллі қам-қарекетін салатын, бар жігер-қайратын төгетін ұлы майданы. Рамазан – сексен үш жылдың сауабына тең келер қасиетті Қадір түні бар ең берекелі ай. Рамазан – жай уақытта жасаған жақсылықтар мен салиқалы амалдар сауабының еселеніп жазылатын құтты айы. Сондықтан, бұл айда бар игілік иелері жақсылық жасауда өзара аламан бәйгеге түседі...(жалғасы)⤵️ http://muslim.kz/kk/article/1-ramazan-aiy.html Қайрат Жолдыбайұлы ұстаздың мақаласынан... Режисер: Али Оператор: Алмас Монтажер: Адиль Пазл арнасына Алла разы болсын!!!
  • Дата выпуска: 01.06.2018
  • Категория: Влоги
  • Просмотров: 7

В нашем Telegram-канале только самые важные и интересные новости. Подписывайтесь!

Рекомендуем

Авторизация

Регистрация нового профиля

Авторизация через социальные сети

Регистрация

в существующий профиль

Авторизация через социальные сети