МҰСЫЛМАННЫҢ КӨЗ ЖАСЫ МЕН ҚАНЫ ТӨГІЛГЕН ЖЕР!

2 • 2018.05.10
Ассалаумағалейкум, көрермендер! Мьянма елінен келген хабарлар бойынша, Аракан штатындағы әскери шабуылдың салдарынан, үш күн ішінде 500 ге жуық мұсылман өлтіріліп, 100 мың мұсылман үйлерінен қуылған. Интернеттегі ақпараттар бойынша: "Соңғы күндері Аракандағы әскерилердің өткен жылдарға қарағанда мұсылмандарға қарсы қылмыстық әрекеттері жиілеген. Жағдай ешқашан дәл осылай ушығып көрмеген. Араканда жоспарлы түрде геноцид саясаты жүзеге асырылуда!" Жергілікті белсенділер мәліметі мен дереккөздерге сүйенсек, Аракандағы қантөгістің артында Мьянма әскері тұр. Қазіргі уақытта үйлерінен қашқан екі мыңға жуық мұсылман Мьянма мен Бангладештің шекарасын паналап жүр. Анаукпьин мен Няунгпьинги ауылын буддистер жаулап алған.Жергілікті тұрғындар кінәсіз екендерін айтып, өздерін ауылдардан эвакуациялауды сұраған. Алайда биліктен жауап болмады. Дәл қазіргі уақытта ауылдарда жүзге жуық мұсылман қалды және олардың өміріне қауіп төніп тұр! Осы жағдайды естіген біздің көрермендеріміз,әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда,видеодағы комментарилерде Мьянмада болып жатқан оқиғаларды айтып кетуді сұрады және біз өзімізде бұл сұмдық жағдайдың қасынан өтіп кете алмадық.Осы видеоны біз жаңалықтар мен интернеттен алынған ақпараттарға сүйене отырып жасадық."Мұсылманның көз жасы мен қаны төгілген жер!" атты видео тек ақпараттық сипатқа ие. Осы жағдайларға орай Pazl каналында 1-2 күн видео болмайды!Өзге дін өкілдерінің арасында жүріп, осындай қиын жағдайға ұшыраған Мұсылман бауыр-қарындастарымызға дұға етейік!Қайтыс болған Мұсылмандардың жаны Жәннаттан табылсын, ал қиындық көріп жатқандарға Алла сабырлық берсін!
  • Дата выпуска: 05.09.2017
  • Категория: Влоги
  • Просмотров: 2

В нашем Telegram-канале только самые важные и интересные новости. Подписывайтесь!

Рекомендуем

Авторизация

Регистрация нового профиля

Авторизация через социальные сети

Регистрация

в существующий профиль

Авторизация через социальные сети