Мұнайшылар қолдау күтеді

69 • 1 месяц назад
Маңғыстау облысы Доңға кен орнындағы «Total» компаниясында жұмыс істейтін мұнайшылар басшылардың «5 күн оқшауда жату керек» деген талабына қарсы шықты. Себебі, оқшаудағы бес күн жұмысшылардың вахталық демалыс күні ретінде есептеледі екен. Сондықтан мұнайшылар жұмыс алдындағы оқшаулауды және 14 күндік вахталық жұмысты қайтаруды сұрайды. Айтуларынша былтыр мамыр айынан бері олар 28 күндік жұмысқа 5 күн оқшаулаумен келіскен. Ал жаңа қаулы бойынша вахта қызметкерлеріне оқшауда жату көрсетілмесе де, компания мәжбүрлеп отыр дейді. Облыстық еңбек инспекциясы болса «Total» компаниясының қызметкерлерінен арыз түспегенін айтады. Сондай-ақ, еңбек инспекциясы вахталық әдіспен істелетін жұмыс күні қызметкерлер мен компания арасындағы ортақ шешіммен белгіленуі тиіс деп отыр. НҰРАЛЫ БАУЛЫБАЕВ, Маңғыстау облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары: – Ол бойынша шұғыл түрде компания басшыларымен кездестік. Олардың қызметкерлерінің қойып отырған талаптарын анықтадық. Бұл мәселе бойынша зерделеу керек, тексеру керек. Изоляция жөнінде, басқа жөнінде мен сізге нақты жауап бере алмаймын. Оған арнайы санитарлық эпидемиологиялық департамент араласуы тиіс. Сондықтан қызметкерлерге ол жөнінде түсіндірілген болатын. . . . .
  • Дата выпуска: 24.06.2021
  • Категория: Новости
  • Просмотров: 69

В нашем Telegram-канале только самые важные и интересные новости. Подписывайтесь!

Рекомендуем

Авторизация

Регистрация нового профиля

Авторизация через социальные сети

Регистрация

в существующий профиль

Авторизация через социальные сети