Жауапкершілік қайда?

15 • 6 дня(ей) назад
Алматыда салынып жатқан ірі құрылыс нысанының үшінші қабатынан құлап кеткен азамат, қазір ауыр халде, үйінде жүре алмай жатыр. Кіндігі кесіліп, ота жасалған Қуаныш он бес күнін ауруханада өткізіпті. Енді үйінде емделіп жатқан 26 жастағы жігіт "РАМС ҚАЗАҚСТАН" құрылыс компаниясы жауапкершіліктен бас тартып отыр дейді. Қуаныштың сөзінше құрылыс басында қауіпсіздік ережесі сақталмаған. Тіпті өзі құлап кеткен күні де оны сақтандырусыз биікке шығара салыпты. Осыдан бір ай бұрын құрылыс басынан құлап түсіп, қатты жарақат алған Қуаныш қазір үйінде ем алып жатыр. Жұмысқа жарамсыз болғасын жалдамалы пәтердің де құнын төлемедім деп алаңдаулы. Ендігі тілегі құрылыс нысанының иесі метериалдық шығынымды өтеп берсе дейді. ҚУАНЫШ БЕЙБІТҰЛЫ, құрылысшы: – Жаңағы жерде жатқан жерден оянсам, екінші плита келе жатыр екен үстіме. Сонымен домалап үлгердім. Екінші плита түсті. Рамс компаниясындағылар бастарын алып қашып жатыр. ТОО Высокийдасың деп. Бірақ маған басында Бауыржан деген кісі Тұрғанбеков Бауыржан деген кісі біздің бастығымыз болып таныстырды. Қуаныштың сөзінше құрылыс иелері шығынын өтейміз, тек шулатпаңыздар деп жылы жауып қойыпты. Алайда одан кейін белгісіз себептермен, құрылыс бригадирі жұмыстан шығарылып, басшылар ауысып кетті дейді Қуаныштың жұбайы. ӘЛИЯ АРАППАЙҚЫЗЫ, Құрылысшының жұбайы: – Жарайды ТОО Высокий болсын, ТОО Рамс болсын, қайсысы болса да адам деген кішкене кешірім сұрап, кішкене адам жағдайын көру керек қой, солардың жұмысшысы, фактический сол зданияның ішінде болып жатыр. Рамс деген дәу вывесканың ішінде. Үшінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алдым деген құрылысшы дәл мына 2 тонналық плита үстіме құлай жаздады деп мұң шақты. Ал ешқандай қауіпсіздік белдігін бермеген бұл нысанның басшылығы менен ат тонын ала қашып отыр дейді. Ал Қуаныш есімді азаматты танымаймыз деген Рамс компаниясының өкілдері барлығын заң аясында реттеп жатырмыз деп қана жауап қатты. Оның үстіне жауапкершілікті өздері жалдаған "Высокий" атты мердігер компания алады деп отыр. МӘДИ ЖҰМАҒАЛИЕВ, "РАМС ҚАЗАҚСТАН" компаниясының құрылыс нысан басшысы: – Бізде жұмысқа қабылданбаған. ТОО Высокий Бізде договор ТОО Высокиймен ол кісілер жұмысқа шақырған болып тұр. Көмектестік дейді, енді юрист көмектеспедік дейді, мен қайдан білемін? – Сіз қағаз жүзінде ол бізде жоқ дейсіз, бірақ осы нысанда құлап тұр ғой?! – Солай болып тұр ғой енді... Рамс Қазақстан компаниясы иелік еткен құрылыс нысанында қазір де қызметкерлер арнайы формасыз, каскасыз жұмыс істеп жүр. Соған қарап өткен оқиға сабақ болмаған ба дерсің. Ал Қуанышқа қатысты іс Бостандық ауданының Полиция басқармасында қаралып жатыр. . . . .
  • Дата выпуска: 07.04.2021
  • Категория: Новости
  • Просмотров: 15

В нашем Telegram-канале только самые важные и интересные новости. Подписывайтесь!

Рекомендуем

Авторизация

Регистрация нового профиля

Авторизация через социальные сети

Регистрация

в существующий профиль

Авторизация через социальные сети