Көршіңіз ауладағы автотұраққа шлагбаум орнатса заңмен жазалауға болады

10 • 1 месяц назад
Алматыдағы көпқабатты үйлердің ауласына кіріп-шығуы үшін жедел жәрдем қызметі кемі жарты сағат уақытын жоғалтады. Себебі қазір қай аулаға бас сұқсаң да қаптаған шлагбаум мен темір бөгеттер қойылған. Ал медицина қызметкерлері кешіккен жағдайда құрал-сайманымызды арқалап шақырған жерге жаяу баруға мәжбүрміз дейді. Әр секунды санаулы қызметкерлер үшін үлкен кедергіге айналған темір бағаналарды тұрғындар заңсыз қойып алатын көрінеді. ӘЛІБЕК ШЫНТЕМІР, Тілші: – Қаладағы кез-келген аулаға бас сұға қалсаңыз мынадай берік бекітілген, темір бөгеттерге тап боласыз. Мұндағы тұрғындардың айтуынша бұл кедергілер аулада көлік кептелісін туғызып қана қоймай, жедел жәрдем көліктеріне де қиындық туғызады екен АЙДОС ӨМІРӘЛИЕВ, №5 Қосалқы станциясының дәрігері: – Күнде болады мысалы ондай жағдай. Шлагбаум ашылмай, аша алмай қаламыз да амал жоқ жаяу баруға тура келеді. Сымдарға мысалы құлып салып тастайды. Өздері жазып тастайды штраф акимат деп. Бірақ ол заң бойынша дұрыс емес деп ойлаймын. Бостандық ауданына қарасты мына бір ауланың өзінде сегіз шлагбаум мен, бес темір бөгетті байқадық. Кей шлагбауымды тұрғындар өзара келісп орнатқанымен, мына құлпы салынған бөгеттің иесі табылмады. Ескірген бояуына қарап, бұл аулада кедергі болып тұрғанына да біраз жыл болған ба дерсің. ВИКТОР ЧУПИН, Бостандық ауданының тұрғыны: – Бұл аумақ өте тар болғандықтан көліктің кіріп шығуы қиын. Оның үстіне мына темір бөгеттер қолайсыздық тудырып тұр. Ал шлагбаумды өзіміз қойдырдық. Ауладағы орынды меншіктеп алған көлік иелері тіпті жаяу жүргіншілердің жолында қоршап алыпты. Көлік тұрмақ адамдар үшін де қауіпті аймақ болып саналатын мына трансформатордың айналасы әлдекімдер үшін тұрақты орынға айналған секілді. Қалыптасқан жағдайға қарап, Бостандық ауданының әкімдігі, қалаберді коммуналдық қызметі бұл мәселелерді қалайша көрмей жүрген дерсің. Ал қалалық полиция басқрамасы шлагбаумға жергілікті Төтенше жағдай Департаменті жауапты болғанымен, темір бөгеттер орнатқандардың ісін заңмен қудалаймыз деп отыр. САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, Алматы қаласы Полиция Департаментінің ресми өкілі: – Әкімшілік кодекстің 505 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып кем дегенде 15 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде айыпқа тағады. ӘЛІБЕК ШЫНТЕМІР, Тілші: – Алматы қаласы Полиция Департаментінің айтуынша аулаға өз еркімен шлагбаум немесе осы текстес бөгеттерді орнату заңсыз болып тыбылады. Аталмыш фактіні байқаған жағдайда тұрғындар құзырлы орындарға шағым түсіруі тиіс. Ал осы мәселе бойынша жақында қалалық полиция басқармасы мен әкімдік рейд жұмыстарына шықпақшы. . . .
  • Дата выпуска: 19.01.2021
  • Категория: Новости
  • Просмотров: 10

В нашем Telegram-канале только самые важные и интересные новости. Подписывайтесь!

Рекомендуем

Авторизация

Регистрация нового профиля

Авторизация через социальные сети

Регистрация

в существующий профиль

Авторизация через социальные сети