Главные видео новости Казахстана

Ақтөбе облысында мемлекеттік мекемелерге жөндеу жүргізген кәсіпкерлер үкіметтен көмек сұрайды

0 • 12 минут назад
Ақтөбе облысында мемлекеттік мекемелерге күрделі жөндеу жүргізген мердігер компаниялар үкіметтен араша сұрайды. Сөздерінше мектеп, балабақша, емханаларды жөндеуге мемлекеттік тапсырыс берген компаниялар арада төрт ай өткеннен кейін қысқы мерзімге төленетін коэффициентті қайтаруын талап етіп жатыр. Тапсырыс берушінің мұндай талабы не жобалау құжатта, не келісім шартта көрсетілмеген деген кәсіпкерлер мемлекеттік мекеменің әрекеті заңсыз деп отыр. Аманбай Сарманов осыдан төрт ай бұрын үш балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу үшін мемлекеттік тапсырыспен 190 миллион теңгеге тендер ұтып алғанын айтады. Алайда келісімшартта белгіленген жұмыстардың бәрін уақытылы аяқтап, құрылысқа кететін шығындарды өтеп болғаннан кейін тапсырыс беруші бөлінген қаржының екі пайызын сұрап, сотқа берді дейді. АМАНБАЙ САРМАНОВ, «Мехрем Сервис Автоматика» ЖШС атқарушы директоры: – Мысалға 190 миллионға істеп бердік. Енді соның бізге екі процентін қайтарып беріңдер дейді төрт айдан кейін. Берген келісім шартта, сметада қысқы коэффициент деген бар. Сол сіздер жазда жұмыс жасадыңыздар сондықтан қысқы коэффициентті біз есептемейміз дейді. Біздің өзімізден бес миллион ақша. Бұл кәсіпкерден басқа осындай талапқа ұрынған облыс бойынша жиырма шақты мердігер компания бар екен. Қазір солардың бәрі құзырлы мекемелерге араша сұрап арызданып жатқандарын айтады. Ал кәсіпкерлікті қолдау басқармасы болса кәсіпкерлерге тендер ойнатқан мекемелердің әрекеті заңсыз деп отыр. Сөздерінше қазір сұрап отырған екі пайыздық коффициент не жобалау құжатта, не келісім шартта көрсетілмеген. РУСЛАН КУЙШИНОВ, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары: – Договорда жоқ. Поэтому ол заңсыз. Егер договорда болса немесе қосымша соглашение болса заранее айтылған. Онда разговор жоқ. Тогда да. Тогда предприниматель обьязан возвратить. Кәсіпкерлікті қолдау басқармасы жағдайдың аражігін ажырату үшін прокуратураға хат жолдағандарын да айтады. Алайда заң қорғаушылар мәселені тек сот арқылы ғана шешесіздер деп хаттарын кері қайтарыпты. Енді олар кәсіпкерлердің ісін сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңеске салмақшы екен. Жанар Қожанова, Бағдат Баймурзин Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар
  • Дата выпуска: 26.01.2021
  • Категория: Новости
  • Просмотров: 0

В нашем Telegram-канале только самые важные и интересные новости. Подписывайтесь!

Коронавирус Казахстан
Все последние онлайн видео новости и события связанные с 2019-nCoV (COVID-19) в Казахстане.
Перейти и смотреть

Уже не нужно ждать свежей утренней газеты, чтобы прочитать порцию последних новостей – они приходят к нам в дом немедленно и мы можем видеть видео свежих новостей с места того или другого происшествия в режиме онлайн.

Видео новости онлайн – удобный способ быть в курсе последних событий

 

На NURTV.KZ мы постарались объединить новостные сюжеты всех телеканалов. Согласитесь, это очень удобно, когда вы сможете найти здесь видео последних событий, новостей мира и Казахстана, политических или культурных, различных происшествий и живых трансляций.

Самые свежие новостные видео на NURTV.KZ

 

Теперь не нужно выискивать новостные видео по всему Интернету, ведь здесь все собрано в одном месте и систематизировано для вашего удобства.

Главные новости Казахстана в формате видео всего в клике от вас. Мы отлично осознаем, как важно современному человеку быть в курсе всего, что происходит вокруг и что самый удобный метод получения новостей сейчас – это смотреть видеоновости онлайн.

Авторизация

Регистрация нового профиля

Авторизация через социальные сети

Регистрация

в существующий профиль

Авторизация через социальные сети