Басты бет / ТВ-шоу / Ана мен бала
Хабар арна

Ана мен бала (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Тәрбиелеу құпиялары

Ана мен бала - балалар тәрбиесі жөніндегі отбасылық бағдарлама. Оның арқасында түрлі жастағы бүлдіршіндердің даму ерекшеліктері туралы бірталай пайдалы мағлұматқа ие болуға мүмкіндік бар. Бағдарламада аса ерекше ықыласты қажет ететін балақайлармен қатар, өзіңмен тең дәрежеде әңгімелесуге болатын оқушы жасөспірімдер жайында да сөз қозғалады. Сондай-ақ, жобаға аналар да қатысады. Олар өз бастарынан өткен мәселелер мен оларды шешу тәжірибесімен бөліседі. Тамақтану, тілдесу, сабақ, әпкелер мен ағаларымен арадағы қарым-қатынас - аналарды мазалайтын барлық мәселелер талқыға түседі.

Дербес болу

Бала қанша жаста болмасын ерекше зейін мен түсіністікті қалайды. Көптеген аналар үшін баласының бойындағы талантты анықтап, соған орай тиісті секцияларды таңдау күрделі мәселеге айналған. Балаға шын мәнісінде не ұнайтыны мен қай салада ерекше қасиет танытатынын қалай білуге болады? Көп жағдайда кішкентай кезде дұрыс таңдалған секция болашақта сәтті жұмыс құруға себепкер болса, бұрыс жасалған  таңдау адамның өзімен-өзі болудың мүмкіндіктерінен айырады. Ана мен бала онлайн бағдарламасында біз көптеген аналардың хикаяларын естіп қана қоймай, оларға қатысты кәсіби психологтардың пікірінен де хабардар боламыз. Бала тәрбиесінде маңызды емес тұстар болмайды, олардың әрқайсысы баланың қалыптасуында елеулі орын алатыны сөзсіз.

Ортақ тіл

Баламен тілдесу мәселелсі кез келген ата-ананы уайымдатады. Кейбіреулер перзентімен бірден ортақ шешімге келуге қол жеткізіп жатады. Алайда, көп жағдайда балалар өз айтқанынан таймайды. Сол себепті өзара келісімге келіп, белгілі бір шарттарды ұсынуға тура келеді. Ана мен бала жапа шекпес үшін қалайша ортақ шешімге келуге болады? Әрбір шығарылымда жүргізуші Зейнеп Ахметова мен оның қонақтары бірқатар проблемаларды талқыға салып, аналарға оларды шешудің жолдарын ұсынады. Ана мен бала ақпараттық бағдарламасын отбасы болып қарауға әбден болады. Өйткені бала тәрбиесіне ата-ананың екеуі де белсенді түрде атсалысады. Бағдарламадан алынған кеңестер балалары бар көрермендердің бәріне қажет болары анық.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау