Басты бет / ТВ-шоу / Давайте говорить

Давайте говорить (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Талқылау алаңы

Айтайық - кәсіби мамандар мен қалың көпшілік әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қозғайтын бағдарлама. Майя Бекбаева кезекті шығарылымның тақырыбы аясында студияға арнайы қоғам қайраткерлерін, әртістер мен кәсіби мамандарды шақырады. Жүргізуші әрдайым қоғамды, оның ішінде әрқайссымызды мазалайтын мәселелер жайында ашып айтуға шақырады. Талқылау тақырыбы көп жағдайда қоғамдық маңызы зор кикілжіңді мәселелер аясында өрбиді. Студияға келген адамдар туындаған дауға қатысты өз көзқарастары мен пікірлерін ортаға салады. Дәл осы талқылау арқасында ғана мәселе егжейлі-тегжейлі қарастырылып, оны шешудің жолдары анықталады.

Тұлғалық өсім

Бүгінгі күні алуан түрлі тақырыптарға байланысты мыңдаған тренингтерді табуға болады. Олардың әрқайсысы жүз пайыздық нәтиже береміз деп сендіріп әлек. Көпшілік тренингті өткізетіндердің сөзіне еріп, басына бақ қонып бірден байлыққа кенелу үшін қыруар қаржысын төлеуге даяр. Аса сенгіш келетін қазақстандықтар мұндай сабақтардан кейін тау қопаруға болатынына сеніп қалып, олар аяқталған соң бәрі өз орнына келе бергенде қатты өкінетіні бар. Айтайық атты онлайн бағдарламада дәл сондай курсқа қатысқандар өө әсерлерімен бөліссе, мамандар қазіргі таңдағы тенденциялар жайлы ой тербейді. Тұлға ретінде қалыптасу мен өсу жөнінде тәлім-тәрбие беретін ұстазсымақтарға сенуге болады ма?

Жаңа технологиялар

Жастардың интернет желісі арқылы таныса бастауы шынайы әңгімелесудің ақырындап бұрынғы заман көрінісіне айналуына түрткі болып отыр. Жекелей кездесулердің өзі өте сирек дүниеге айналуда. Бұл өз кезегінде жастардың қоғамнан шеттеп бара жатқанын аңғартады. Олар бар уақытын әрбір минут сайын әлеуметтік желідегі жаңалықтарды аңдумен өткізіп, нәтижесінде әңгімелесу дағдысын жоғалтады.  Жақын арада барша технологиялардан бас тартып кітап пен шынайы өмірдегі тілдесуге бет бұрғандар мен олардың ізін қуалаушылар пайда болған. Олардың мұндай батыл қадамға баруына не түрткі болғанын Айтайық бағдарламасынан білеміз. Ғалымдардың пайымдауынша, гаджеттерге деген қызығушылық цифрлік кем ақылдыққа әкеп соқтырмақ.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау