ХабарLine NUR❤TV
N/A
  • SD
  • 12+

ХабарLine (Сезон 1. Серия 1)

Өмір қызық!

ХабарLine - шынайы өмірден алынған күлкілі видеолар туралы бағдарлама. Кез келген адам әлемнің қалаған нүктесінен видео түсіруге берілген мүмкіндерінің арқасында желіде күн сайын түрлі видеолар пайда болады. Жасын Қанбаев сол видеоларды іріктеп, бағдарламаға сай видеоларды таңдайды. Небәрі 24 минуттың ішінде балалар, жануарлар, өнерлі адамдар және экстремалды ойындар туралы роликтер көре аламыз. Жүргізуші экрандағы роликті өз пікірімен одан сайын қызықты қыла түседі.

Тосынсыйлар мен күтпеген жағдайлар

Күлкілі оқиғалар адамдар коө орындарда алдын ала ұйымдастырылып қойылған кезде қызықты бола түседі. Мерекенің нағыз қызған шағында үйлену той, туған күн немесе басқа кешті шынайы комедияға айналдырады. Көпшіліктің көңілін көтеру үшін заманауи әуенге ырғақты билеген екі томпақ пен қалыңдықтың көйлегіне секірген кішкентай бала да жеткілікті. ХабарLine бағдарламасының онлайн режимінде танымал жұлдыздар мен концерттерге жасалынған пародияны да көруге болады. Тіпті бірнеше секундқа ғана созылса да әрбір роликтің өзінің ерекшелігі бар. Ең бастысы керек жерде қолдағы камерамен табылу қажет.

Өмір гүлдері

Көптеген роликтардың басты кейіпкері кішкентай балалар болып келеді. Кейде сәбилер үлкендер үшін қалыпты жайттарға ерекше эмоциямен қарайды. Көбінесе балалар үлкендердің екінші үлгісі ретінде көрінеді. ХабарLine бағдарламасы үнемі жаңартылып отыратын видеоларымен көңіліңізді көтере алады. Рекордтар, күлкілі оқиғалар, қызықты сәйкестіктер - бұның барлығы көңіл күйді көтереді. Жүргізушінің сөздерімен видео одан сайын күлкілі бола түседі.

Қарауға ұсынамыз

Авторизация

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау