Молодежное юмористическое show NUR❤TV
N/A
  • SD
  • 12+

Молодежное юмористическое show (Сезон 1. Серия 1)

Шутки для всех

Көңілді жастар шоуы - көңілді, күшті және ақылды қазақстандықтарға арналған. Бағдарлама барысында олар бір бірімн әзіл өнерінде сайысады. Қатысушылар өз өнерлерін көрсету үшін Қазақстанның барлық аймақтарынан шақырылады. Бұл үшін олар іріктеу сынынан өтеді. Қазылар алқасы мен көрермендерді күлдіре алған топ сайыстың келесі сатысына көтеріледі. Жарысқа жаңа әзілкештер де қатыса алады, олардың әрқайсысында кәсіби деңгейге жетуге мүмкіндік бар.

Шоу басталады

Іріктеу сынынан кейін сахнаға 12 команда шығады, бірақ келесі бөлімге тек 5 топ қатыса алады. Қатысушы командалардың өнерін әділ қазы мүшелері бағалайды. Қазылар алқасының құрамында комедиялық шоулардың продюссері Мақсат Мамраимов, бұрынғы КВН ойыншысы Нұрлан Өтешов, жүргізуші Майя Бекбаева және тағы басқалары. Олар ойыншылар арасынан ең үздіктерін таңдайды. Командалар келесі турға өту үшін барын салады. Әрбір қатысушы жеңісті армандайды, бірақ жеңімпаздың жолы тым ұзақ, сондықтан бағдарламаның әрбір бөлімінде ойыншылар өздерін түрлі қырларынан көрсете алады.

Көңілді және таңдаулы

Әрбір бөлім сайын шоу қызықты әрі жарқын бола түседі, ойында тек қызықты әрі мықты командалар қалады. Жалпы көңілді жастар шоуында ер балалар өнер көрсетеді, бірақ кейбір командаларда қыздар да бар. Сайыс соңында жеңімпаздар Қазақстанның ең үздік әзілкештері атағын иеленеді және телевидение саласына жол ашылады. Үздіктерді таңдау барысында тек қазылар емес, көрермендерде шапалақ ұру арқылы атсалыса алады. Жақсы әзіл көңілді көтеріп қана қоймай, өмірді ұзартады.

 

Қарауға ұсынамыз

Авторизация

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау