Басты бет / ТВ-шоу / Ревизорро

Ревизорро (1 сезон 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Сапаны тексеру

Ревизорро - адал ниетті емес кәсіпкерлер мен басшыларды анықтауға арналған бағдарлама. Бұл қызмет көрсету саласындағы олқылықтарға анықтауды мақсат етеді. Елена Летучая түрлі ресейлік қалаларды аралап, бірнеше кафе, мейрамхана, қонақүйлер мен көңіл көтеру орындарына барады. Ол жергілікті тұрғындардың кеңесіне құлақ түріп, анағұрлым қызықты жерлерді бағалайды. Олардың арасында үлгі етерлік мекемелер де, заңсыз әрекет ететін кәсіперлер де бар. Аталған екеу де оның назары мен бағалауынан тыс қалмайды.

Ас болсын

Елена түсірілім тобымен бірге кафе немесе мейрамханаға кіріп келеді. Ол бірнеше тағамға тапсырыс беріп, оның ұсынылу тәсілін, дәмі мен құрамына дейін мән беріп, бағалайды. Жүргізуші, сонымен бірге, олардың асханасына да бас сұғып, азық-түліктің қандай жағдайда сақталататынын тексереді. Ол, сондай-ақ, тағамдардың әзірлену процесіндегі тазалықтың сақталуына баса назар аударады. Лена Летучая мекеме басшылары өзінен жасырғысы келетін жайттардың барлығын байқап, әшкере етеді. Ал барлығы мінсіз екенін анықтаса, ол мұндай мекемелерді елге ұсынып, сапа белгісін сыйға тартады. Ревизорро бағдарламасы бірнеше маусым ішінде түрлі стильдегі жүздеген мекемелерге барып, көптеген жайттармен таныс болған. Бағдарлама барысында әрбір адамға қажет болатын мекемелер тізімі ұсынылады.

Кенеттен келген тексеріс

Тележүргізуші аса қаталдықпен барлық нысандардың тексерістің астына алады. Ол өзі Ресейде тұратындықтан, елдегі кәсіпкерлердің барлығы адал ниетті бола бермейтінін жақсы біледі. Елена өз елінде жоғары сапалы қызмет көрсету деңгейінің болғанын қалайды. Ол үшін ол қолынан келгенін жасауға ұмтылады. Асханасында тарақандар өріп жүретін кафеге ешкім де барғысы келмейді. Ал бүгінгі күнге дейін мұндай асханасы бар жерлерді анықтау оңайға соқпайтын. Мекемелер келген қонақтарды асханаға жібермейді. Сондықтан тағамдардың қашан жасалғанын да анықтау қиынға соғады. Иістеніп, бұзылып кеткен азық-түлікті тастамай, елге ұсынатындар саны да азаймай тұр. Ал Ревизорро бағдарламасы арқылы біз көп шындықтың бетін ашып, мейрамханаларға, ойын-сауық орталықтары мен кафелерге барғанда неге назар аудару керек екенін білетін боламыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қарауға ұсынамыз
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау