Басты бет / ТВ-шоу / Бедняков +1
ОН-ТВ арна

Бедняков +1 (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Жұлдыздармен саяхат

Бедняков+1 - бұл жұлдыздар өзінің сүйікті қаласын көрсетіп, ол бойынша саяхат жасайтын бағдарлама. Бастапқыда бұл жоба жұлдыздардың туған қаласына саяхат жасаудан басталған. Алайда 2017 жылы оның атауы да, концепциясы да өзгерді. “Жолсерік” Ресейден Еуропаға ойысып, әртістердің сүйікті қалаларына саяхат жасауға көшкен. Ондаған елге саяхат жасаған Андрей қатысушының әңгімесін толықтырып, өз әсерімен және білімімен бөлісіп отырады. Сондықтан саяхат қызықты әрі толыққанды болып шығады. Әдемі қалаларды аралау әркімге де жақсы көңіл-күй сыйлайтыны анық.

Жұлдызды құпиялар

Әрбір адамда өзінің сүйікті демалыс орны бар. Сондықтан Бедняков+1  онлайн бағдарламасына кез келген адам қатыса алады. Жүргізуші Екатерина Варнавамен біроге Майамиге барып, оның сүйікті кафелері мен жиі баратын дүкендері туралы біліп қайтты. Ал Ольга Кузьминамен Сан-Францискоға барса, Светлана Пермяковамен италиялық шипажайда демалады. Танымал тұлғамен бірге саяхаттың да мәні артып, елге жұлдыздардың демалысы туралы толыққанды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Орайы келген кезде жанкүйерлер де сүйікті жұлдыздарының жақсы көретін демалыс орындарына бірге бара алады.

Өз аузынан

Шоу-бизнес жұлдыздары өз құпия-сырымен бөлісіп, бізді өз жүретін жолымен алып жүреді. Туған жерден жырақта, өздерін ешкім танымайтын жерде олар өзін еркін ұстап, жанкүйерімен кездесіп қалудан қорықпайды. Сондықтан олар емін-еркін жергілікті тұрғындардың арасында кафелерге барып, дүкен аралап, тіпті шетел жұлдыздарының шоуына да қатыса алады. Андреймен бірге бағдарлама қатысушылары Бедняков+1 бағдарламасында жаңа дүниелермен танысып, айрықша дәмнен ауыз тие алады. Кәнігі саяхатшыға айналған Андрей елді әдемі қалалармен таныстырып, жақсы демалыс орындарын назарға ұсынады.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қарауға ұсынамыз
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау