Басты бет / ТВ-шоу / Сенейін бе, сенбейін бе?

Сенейін бе, сенбейін бе? (1 сезон 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Адам сенгісіз әлем

Сенейін бе, сенбейін бе бағдарламасы арқылы әлемнің әр қиырындща болып, естен кетпес қызықты фактілермен танысуға болады. Саяхаттауды жақсы көретін адамдар әлемге әйгілі орындарға экскурсия жасау кейде тым іш пыстырарлық болатынын жасырмайды. Алайда, Андрей Бедняковпен ішіңіз мүлде пыспайды. Өйткені, ол туристер көп біле бермейтін құпия көшелер мен үйлерге алып барады. Әрбір шығарылымда жүргізуші айтқан қызықты оқиғалардың шынайы немесе ойдан шығарылғандығын анықтауға болады. Өйкені, фантастикалық оқиғалардың рас-өтірігін білуге кім де болса құштар екені анық емес пе?!

Беймәлім орындар

Саяхаттауды жаны сүйетін жүргізушілермен бірге біз Уганда, Танзания, Исландия және тағы да басқа мемлекеттерде боламыз. Саяхат барысында көрермендер жүргізугі Бедняковтың бағдарлама басында айтқан әңгімесінің рас-өтіріктігін анықтау керек. Африкада күлкі індетінің болғаны рас па? Исландия өмір сүретін эльфтердің құқығы болды ма? Сіздер үшін “біртүрлі” саналтын бұл сұрақтардың да жауабы бар. Ал бұған жауапты аталған елдерге саяхаттау және иллюстрацияның көмегімен табуға болады. Сенейін бе, сенбейін бе онлайн бағдарламасында логикалық жауап үнемі дұрыс болмауы мүмкін. Көп жағдайда өз интуицияңызға сүйеніп, оның қиындығын тексерген жөн.

Картаны ашу

Ерекше эксркусия көптеген саяхаттанушылар біле бермейтін, алайда, үнемі армандап жүретін әлемнің жұмбақ жерлерін көруге мүмкіндік береді. Эксклюзивті материалдар кәдімгі саяхаттан ерекше әсер береді, ал жүргізушінің сұрақтары бағдарламаны одан әрі қызықты ете түспек. Сенейін бе, сенбейін бе бағдарламасының әрбір шығарылымы түсірілім тобы аттанған ел туралы бес сұрақтан басталады. Олардың төртеуі шындық болса, біреуі шындыққа жасырынған нағыз өтірік болмақ.. Егер сіз үшін сұрақ жауабы айдан анық секілді көрінсе, таңдауыңыз дұрыс болмауы мүмкін. Саяхат соңына дейін интрига сақталып, жауабы мүлде адам сенгісіз болып шығады.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қарауға ұсынамыз
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау