Тәй Тәй Шоу (1 сезон 16 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Балабақша

Тәй тәй Шоу - ең кішкентай балақайлар мен олардың ата-анасына арналған бағдарлама. Оған қатысатын балалардың кейбірі тіпті, әлі аяққа тұра алмайды. Бар болғаны еңбектеп жүріп, жеңіске ұмтылады. Бұл балалардың ептілігін танытатын, жаңа нәрсеге үйретіп, көңілдерін көтеретін өте қызықты сайыс. Кішкентай қатысушылар ойыншықтарды жинап, белгілі-бір пішінді немесе затты тауып, пазлды құрастыру арқылы ойын шарттарын орындайды. Сайыс ережелері қиын болмағанымен, оны жылдам орындау керек болғандықтан, баланың назары мен жинақылығын талап етеді.

Дербес балалар

Тәй тәй Шоу онлайн бағдарламасының барлық тапсырмаларын балалар өздері орындайды. Ал- ата-аналары мінбенің сыртында тұрып, оларға күш беріп отырады. Олар балаларға не істеу керектігін айтып тұрғанымен, тапсырманың барлығын кішкентайлар өздері орындап, өз бетінше шешім қабылдауы керек. Ойын түріндегі байқауда қатысушылар басқа да балалармен танысып, жаңа бір нәрсені үйренеді. Сондай-ақ, ойын алаңында көңіл көтеріп, уақытын қызықты етіп өткізе алады. Әрбір бала ойын шарттарын орындау барысында қиналмай, керісінше алғашқы жеңісіне жетуі үшін, оған өзінің жас шамасына сәйкес тапсырмалар беріледі.

Кім жылдам?

Тәй тәй Шоу бағдарламасында ата-аналар балаларының қаншалықты айтқан тілді алатынын тексере алады. Олар жан-жағында ойын бөліп, қызықтырып тұрған ойыншықтарға қарамастан, анасының шақырған жағына қарай баруы керек. Кейбір балалар анасының бір шақырғанынан-ақ, қолындағы барлық заттарын тастай сала жүгіре жөнеледі. Кішкентай қатысушылар шырғалаң жолдардан өтіп, секіріп, сурет салып, ең қызықты істермен шұғылдана алады. Ал, ата-аналар осы үшін сыйлықтар алады. Студияда көптеген балақайлар жиналатындықтан, үнемі көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш лебі сезіліп тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау