Басты бет / ТВ-шоу / Ас болсын

Ас болсын (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0


Ұлттық тағам

Ас болсын - жүргізушілер келген қонақтармен бірге тағам дайындайтын бірегей аспаздық бағдарлама. Бас аспаз рөліндегі этномәдени орталық мүшелері студияда тек дәмді рецептісін ғана емес, сондай-ақ ұлттық ерекшелігін  де таныстырады. Шақырылғандар арасында өздерінің сүйікті асының дайындалу тәсілін қуана көрсететін танымал тұлғалар болады. Көрермендер танымал ұлттық тағамдардың түпкі мәні мен дайындау құпиясын біледі. Ұмыт бола бастаған тағамдарды еске түсіріп, қызықты әңгіменің куәсі болады.

Ас үйде

Ас болсын онлайн бағдарламасының мақсаты - рецептілерді еске түсіріп, тағам дайындау ғана емес, сондай-ақ маңыздың мәселелерді талқылау болып табылады. Мұнда ұлтаралық қарым-қатынас, Қазақстанда тұратын ұлт пен ұлыс өкілдерінің салт-дәстүрі туралы әңгіме өрбітіледі. Осы арқылы түрлі елдің тумалары бір-біріне жақындай түсіп, сыйластықтары артады. Түскі ас дайындап жатып, қызықты әңгімесін айтып берген қонақтар көрерменге пайдалы ақпараттар да беріп отырады.

Жағымды әңгімелесуші

Ас болсын студиясында көптеген танымал қазақстандықтар да қонақта болады. Актриса Дариға Бадығова, Жадыға Сахиева, актер Нияз Шайсұлтанов, әнші Құдайберген Бекіш және басқа да ас дайындағанды жақсы көретін жандар өздерінің ұлттық тағамға деген құрметін айтып, елдегі маңызы шаралар туралы ойымен бөліседі. Жоба авторы мен қонақтары жағымды, тәтті, әрі пайдалы дүние ұсынбақ. Сондықтан көрермендер бағдарламаның әр санын жалықпай көріп, тағам дайындауда өзіне қажетті кеңестерді ала алады!

 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау