Басты бет / ТВ-шоу / Әзіл әлемі

Әзіл әлемі (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Әзілді концерт

Әзіл әлемі бағдарламасы - бұл классикалық әзілді бағдарламалардың бір тармағы. Жас әртістер ән салу, пародия жасау, әзіл айтып, монолог оқу сияқты түрлі нөмірлерде жиынтық өнер көрсетеді. Жаңа форматтағы концертте түрлі жанрларды қолдану арқылы ең жаңа, өзекті тақырыптағы әзілдер айтылады. Ойын-сауық түріндегі шоудың негізгі мақсаты - жұртшылықтың көңілін көтеріп, шын жүректен қуана қол шапалақтағанын көру, олардың жүзіне күлкі үйіру. Концертте танымал әртістерден бөлек, енді ғана сахна өмірін бастаған, халықтың көңілін аулай алатын жас дарындар да өнер көрсетеді.

Әңгімелесу жанры

Әзіл әлемі онлайн бағдарламасының сахнасында жас өнерпаздар топпен де, жекелей де әзілді нөмірлерлерін назарға ұсынады. Ондағы топтар бір-бірімен бәсекелеспейтін болғандаықтан, концерт мерекелік атмосферада, жақсы көңіл-күйде өрбиді. Бұл өз кезегінде көңілді тапқырлар алаңын емес, “Тамаша” әзіл-сықақ бағдарламасын еске салады. Әртістердің әңгімелесу жанрындағы нөмірлерінің арасында сахнаға әншілер, бишілер немесе сиқыршылар шығып, көрерменнің көңілін көтеріп отырады. Әрбір екі сағатқа созылатын концерт - бұл қазақстандықтардың өмірінен алынған қызықты оқиғалар, жаңа әзілдер, тамаша әндер мен көз қуантарлық билер.

Әзілді сезіну

Халықты таңғалдырып, олардың көңілін көтеру үшін дарынды жастар барынша жаңа әзілдер мен қызықты әңгімелер ойлап табуға тырысады. Әзіл әлемі бағдарламасында ең өзекті тақырыптарды күлкілі қырынан көрсетіп, кейінгі шыққан эстрада жаңалықтарын көрермен назарына ұсынады. Заманауи әртістер кез-келген тақырыпта әзілдер айтып, мемлекетте болып жатқан өзгерістерге бірден назар аударады. Шоуда әртістер түрлі жанрда өнер көрсететін болғандықтан, оны тамашалайтын халықтың саны артып, ең сүйікті әзіл бағдарламасы ретінде қабылдап үлгерген.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қарауға ұсынамыз
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау