Басты бет / ТВ-шоу / Айсұлудың айнасы
0

«Бақытты әйел». Айсулудың айнасында» визажист Санди Бексырға (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -

Барлығы әйелдер үшін

Айсұлудың айнасы - жаңа замандағы әйелді қызықтыратын барлық дүниені қамтыған бағдарлама. Оның әр саны асүй құпиялары, денсаулықты күту, сұлулықты сақтау және жетістікке жету сияқты төрт айдардан тұрады. Бұл сұрақтар барлық әйелдің көңілінде кездеседі. Сондықтан, оны тамашалаған әрбір адам өзіне қажет ақпаратты таба алады. Мәселен, бағдарламадағы айдарлардың бірі - ас дайындауға арналған. Онда жүргізуші қонақпен бірге студияда тұрып, тағам дайындайды. Нағыз ас шеберлері жаңа рецептілер мен пайдалы кеңестерін ұсынып, қызықты әңгіме өрбітеді. Шақырылған аспаздардың арасында танымал тұлғалармен қатар, ас дайындағанды жақсы көретін қарапайым көрермендер де болады.

Денсаулық пен сұлулық

Денсаулыққа арналған айдар диалог ретінде өтеді. Жүргізушілер түрлі саладағы мамандарды қонаққа шақырып, ең өзекті сұрақтарды қояды. Онда диета түрлері, спортен шұғылдану, дұрыс тамақтану, дәрумендер, дәрі-дәрмек пен басқа да маңызды нәрселер айтылады. Диетолог мамандар, дәрігерлер, фитнес-жаттықтырушылар мен көптеген сала мамандары көрерменге денсаулықты күтудің жолдарын түсіндіреді. Ертеден қалыптасып қалған қағидаларға емес, өз тәжірибесіне сүйене отырып, кеңес бере алатын тәжірибелі мамандарға сенім артқан дұрыс. Айсұлудың айнасы онлайн бағдарламасында көптеген сұрақтарға жауап алуға болады.

Қарым-қатынастағы құпиялар

Бағдарлама айдарларының бірі еркек пен әйел арасындағы, отбасындағы және туысқандар арасындағы қарым-қатынасқа арналған. Жүргізуші психологиялық әдебиеттерге, ғылыми еңбектер мен аммандар кеңесіне сүйене отырып, тақырыпты барынша ашуға тырысады. Сондай-ақ, тағы бір айдарда танымал тұлғалар өздерінің өмірі жайлы, өткен күндегі құпиялары мен алған әсерлері жайлы айтып береді. Біз бұрыннан толғандырған сұрақтардың жауабын жұлдыздың өз аузынан естіп, біле аламыз. Айсұлудың айнасы бағдарламасы - бұл әйел өмірінің ең маңызды тұсында пайдаға жарайтын кеңестер мен қажетті мәліметтер жиналған өзіндік журнал іспеттес.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау