Басты бет / ТВ-шоу / Жайдарман
0

Жайдарман (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -

Көңіл көтеру мен тапқырлық

Жайдарман - көңілді тапқырлар клубы стиліндегі әзілдік бағдарлама. Онда түрлі қаладан келген топтар өзара бәсекеге түседі. Жас, әрі талантты ұл-қыздар танымал әзілкеш атанғысы келіп, ең үздік топ атағын иеленуге тырысады. Бағдарлама барысында олар ең алдымен әзілге жақындығын, әртістік қабілетін танытса, одан кейін вокалдық және биге икемділігін де көрсетуі керек. Қатысушылар түрлі кезеңдерге дайындалып, көрермен толы зал мен қатал әділ-қазылар алқасының алдында бар өнерін ортаға салатын болады.

Таңдамалы әзілдер

Жайдарман бағарламасы әзіл саласындағы жас таланттарға жақсы баспалдақ болатын, өздерін танытуға зор мүмкіндік беретін бағдарлама. Үздік әртіс атағын алғысы келетін өнерпаздар өте көп. Сондықтан, сахнаға тек ең мықты әзілкештер ғана шығып, өнер көрсете алады. Бағдарлама ашылғалы бері Қазақстанның түкпір-түкпірінен сан мыңдаған жастар келіп қатысып, өнерде бағын сынап көрді. Іріктеу кезеңінен бастап, қорытынды ойынға шыққанға дейін дайындыққа бар күш-жігерін жұмсап, елдің көңілінен шығуға тырысты. Қатысушылар әділ-қазылар алқасының бағасы мен пікірін ғана тыңдап қоймайа, залда отырған жұртшылықтың эмоциясы арқылы өздерінің өнері қаншалықты өтімді екенін байқай алады.

Жұлдызды сәт

Жайдарман онлайн бағдарламасында қатысушылар импровизациясын өте жоғары дәрежеде дамытуы тиіс. Себебі, табан астынан қойылған сұраққа қызықты жауап құрастырып, жағдайға қарай әрекет ету - әзілкештің нағыз дарынын ашатын қасиет. Әзілді шоу көрерменнің көңілін көтеріп қана қоймай, оларды бір ортаға тоғыстырады. Өнерпаздар бар халыққа түсінікті, әрі қызықты болатын ең өтімді тақырыптағы әзілдерді айтады. Осылайша, мәдени салт-дәстүрлерді сақтай отырып, ұлттық сананы жаңғыртуға атсалысады, елін сүюге шақырады. Әзіл - кез-келген нәрсеге жақсы әсер етіп, нәтиже шығара алатын жан-жақты құрал.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қарауға ұсынамыз
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау