Басты бет / ТВ-шоу / Таншолпан

Таншолпан (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0


Қайырлы таң!


Таңшолпан бағдарламасы - бұл аптасына алты рет шығатын таңғы шоу. Жұмыс күндері жүргізушілер таңғы сағат 7-ден бастап эфирге шығып, үш сағат бойы елге қызмет көрсетеді. Осы уақыт ішінде көтеген қызықты жайттар орын алады. Бастысы біз ауа райы мен жаңалықтармен таныс болып, қызықты кейіпкерлердің оқиғаларына қанық боламыз. Бағдарлама алдын ала түсірілген сюжеттерден тұрады. Сонымен бірге эфирге шақырылған қонақтар да түрлі әңгімелер төңірегінде әңгіме тарқатады. Үш жүргізуші түрлі салада жүрген мамандармен әңгіме-дүкен құрып, нумерологтар, дәрігерлер, визажистер, спортшылар мен өзге мамандардың құнды кеңесін тыңдайды. Қонақтардың әрқайсысы көрермендерге пайдалы болар ақыл-кеңестерін аямайды.

Дәмді таңғы ас


Жақсы деген таңғы бағдарламалар дәмді ас әзірлейтін айдарсыз өтпейді. Таңғы ас күннің жақсы қтуіне әсер ететін бірден-бір фактор екенін аспазшылардан әлдеқашан дәлелдеп қойған. Таңғы ас жасауды түрлі тәсілдерін үйрететін бағдарламаны Таңшолпан бағдарламасының көрермендері сүйіп көреді. Ас әзірлеу процесін басынан аяғына дейін тамашалап, әр әйелге қажетті кеңестермен бөліседі.

Жақсы көңіл-күй


Таңғы шоудың басты ерекшелігі - оның ақпаратқа қанық болуында. Бағдарлама арқылы көптеген жаңалықтарды біліп, жақсы көңіл-күй алуға болады. Жүргізушілер көрермендерді түрлі салалардағы қызықты жайттармен таныстырып, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Бұл бағдарламадан әркім өзіне қажетті дүниені таба алады. Өзекті жаңалықтар, қызықты әңгімелер, тарихи портерттер т.б. бәл осы бағдарламада айтылады..

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қарауға ұсынамыз
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау