Басты бет / ТВ-шоу / Сенбілік таң

Сенбілік таң (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0


Сенбілік көңіл-күй


Сенбілік таң - танымал қазақстандықтардың үйіне барып, отбасы мүшелерімен әңгіме-дүкен құратын бағдарлама. Оның әр санында жүргізуші Гулмира Дайрабаева танымал қайраткерлердің үйіне барып, оның жақындарымен таныстырады. Бір-бірлерін бұрыннан танитын жақын адамдар бір дастархан басына жиналып  көңілді әрі достарша шүйіркелесіп әдемі әңгіме-дүкен құрады. Мұндай форматтағы бағдарлама әдеттегі сұхбатқа ұқсамайды. Жексенбілік күндері шығатын бағдарлама көрермендерді өзінің айрықша жылылығымен сенбілік таңда ерекше үйіріп әкетеді. әңгіме тек отбасы жайында ғана емес, онда достық, мансап, түрлі қарым-қатынастар жайында өрбіп отырады.

Жұлдыздарда қонақта


Гульмира Дайрабай көптеген атақты адамдардың үйінде болып, оларды көрермендермен таныс етті. Мирас Бекжанов өзінің жары Құралаймен, үш баласы және әжелерімен бірге ерекше қонақты үйлерінде күтіп алды. Елімізге әйгілі әншілердің үйінде қонақтар жиі бас қосып отырады, олар өз меймандарына сүйікті істеріне айналып кеткен әншілік өнерлері жайында, отбасылық дәстүрлері мен әдеттері жайында қызықты әңгімелер айтуға әрқашанда риза көңілде. Сондай-ақ көкпар федерациясының вице-президенті Ғани Актембаев та өзінің үш баласы, отбасы жайында айтар өз әңгімелері көп. Сенбілік таң онлайн бағдарламасына келген әр мейман өзін әр қырынан көрсетіп, ел ықыласына бөленіп келеді..

Қош келдіңіздер


Біз әдетте жұлдыздарды сахнада, депутаттарды келіссөздер отырыстарында, спортшыларды күрес немесе басқа алаңдарда көріп үйренгенбіз. Алайда жұртшылыққа олардың жеке өмірлері, отбасы басқа да жайттарын көгілдір экраннан тамашалау  өте қызық. Олардың көбі жеке өмірлері мен отбасын көпшілікке үнемі көрсете бермейді, десек те олар да барлық адамдарға тән меймандостық, қонақжайлылық қасиеттерге ие, сондықтан Сенбілік таң бағдарламасына қатысып, өзінің үйі,от-басы-ошақ- қасын жұртшылыққа қуана көрсетугеәрдайым келіседі. Жоба кейіпкерлерімен бірге қашанда уақытты қызықты әрі пайдалы өткізіп, олардың қалай өмір сүріп жатқандарын тамашалауға болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қарауға ұсынамыз
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау