Басты бет / ТВ-шоу / Бүгін жексенбі

Бүгін жексенбі (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

 

Жақсы орта


Бүгін жексенбі - бұл таңғы жексенбілік, әртүрлі ақпараттық оқиғаларға, қонақтармен сұхбатқа және түрлі музыкалық тұсаукесерлерге толы бағдарлама. Жүргізушілер студияға шақырылған қонақтармен сасаттан тыс түрлі тақырыптағы мәселелерді қозғайды. Қонақтар қатарында өзінің түсірілген бейне-баяндары мен әндерін көрерменге алғаш рет ұсынуға келген белгілі шоу-бизнес өкілдері, белгілі эстрада жұлдыздары да болады. Жексенбілік шоудың меймандары кейде соңғы жаңалықтардың кейіпкерлері, өзге де бағдарламалар кейіпкерлері, тіпті жай ғана талант иелері де болуы мүмкін. Студия қонақтары ретінде оқуда, спортта немесе өз ісінде керемет жетістіктерге жеткен балалар да жиі қатысып тұрады..

Достардың ортасында


Жүргізушілер студияда қонақтардың жайдары әңгіме айтып, көңілді отыруларына барлық жағдай жасап, өз қызметтерін аямайды. Бүгін жексенбі онлайн бағдарламасының көздеген мақсаты да көрермендердің жексенбілік уақытының әрі көңілді, сонымен бірге пайдалы да сапалы өтуі. Бұл жобаның тағы бір қыры - көрермендер тікелей эфир барысында өтіп жатқан түрлі викториналар мен жарыстарға еркін қатыса алуы. Оқиғалар кейіпкерлері тек қана белгілі жұлдыздар ғана емес, қарапйым қазақстандықтар да бола алады.Олардың арасында суретке түсірушілер, спортшылар, музыканттар да бар.

Сөре алаңы


Кейбір меймандар үшін таңертеңгілік шоу өз ісін одан әрі дамытуына жол ашып қана қоймай, оны жарнамалауына да үлкен мүмкіндік тудырады. Журналистер қызықты адамдарды іздеп тауып, оларды қалың көпшілікке таныстырады, одан әрі ол адамның тағдыры оның қабілетіне, ісінің сәтті өрбуіне және көрермендерге байланысты. Бүгін жексенбі бағдарламасы өзі қалаған орта іздеп жүрген көптеген шеберлерге көп көмегін тигізді десе болады. Бұл студияда қаншама жұлдаздар болды, эфир оларға өз өнерлері мен талантын қалың көпшілікке танытуға, сондай-ақ түрлі қоғамдық мәселелердің оң шешім табуына көп жәрдемін тигізді..

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қарауға ұсынамыз
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау