Басты бет / ТВ-шоу / Балапан жұлдыз
0

Балапан жұлдыз (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -


Таланттарды табу


Балапан жұлдыз бағдарламасы дарынды балаларға өздерін танытуға көмектеседі. Балалардың одан әрі дамуы мен жаңа белестерді бағындырулары үшін оларды марапаттап отыру аса қажет, сонымен қатар олардың бүкіл халық көретін концерттерге қатысуы, міне, бұл оларды нағыз қанаттандыратын дүние. 5 пен 13 жас аралығындағы ұлдар мен қыздарды кастинг нәтижесінде шоуға қатысу мүмкіндігіне іріктеп алады. Әділқазылар назарына әр түрлі жанрдағы, мәселен, музыка, би, акробатика, театр салалары бойынша нөмірлер ұсынылады. Көрермендердің ерекше ықыласына ие болғандары одан әрі өнер жолындағы қадамдарын жасай бастайды.

Соло және топ


Балапан жұлдыз онлайн бағдарламасына жеке орындаушылармен қатар, дуэт, трио немесе топтар да қатыса алады. Балалар өз өнерлерін ел талқысына салып, үлкен ілтипатқа ие болады. Біздер кішкентай таланттардың шебер ән орындаушылығына, мың бұралған билері мен акробатикалық, цирктік нөмірлерін барынша дайыдықпен, аса шыдамдылықпен, табандылықпен орындап шыққандарына тәнті болып отырамыз. Олар өздерінің кішкентайлығына қарамастан үлкендерді қабілет қарымымен таң қалдырады. Өз шеберліктерінің шыңына жету жолында оларға ұдайы жаттығуға, өздерін одан әрі шыңдай түсулеріне күш салуға тура келеді.

Басты талант


Балапан жұлдыз байқау болса да, мұнда жеңілушілер жоқ. Сахна төріне шыққан әр бала өз өнеріне өзгелердің көңілін аудара отырып, оны одан әрі кәсіби түрде жалғастыра алу мүмкіндігіне ие. Әрбір қойылым оны сахналауға ат салысатын хореографтар, дизайнерлер мен оны қоюшылардың да мерекесі. Қазіргі кезде көгілдір экраннан жиі көрініп жүргендердің көбінің қабілеттерінің жан-жақты ашылуына талантты ұстаздардың еңбегі аса зор. Ата-аналар мен осындай ұстаздарының қолдауымен кішкентай өнер иелері үлкен болашаққа жол ашады. Олардың арасында болашақ өнер жұлдыздарының болуы әбден мүмкін.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау