Басты бет / ТВ-шоу / Ән салады мамандар
0

Ән салады мамандар (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -



Бағыңды сынау


Ән салады мамандар өзінің жаңа қырларын ашуға талпынған батылдар мен шығармашылық жандарға арналған бағдарлама. Бұл шоуға қатысу үшін құрамында кәсіби түрде ән айта алатын кем дегенде бір адамы бар үш адамдық команда құрылады, олардың ішінде кәсіиби вокалист те болуы керек. Қалғаны өзге мамандық иелері, олардың көбінің музыка мен өнерге қатысы жоқ болып келеді. Сайыс ерекшелігі - қатысушылар жан-жақты дайындалып, нағыз әнші ретінде өздерін көрсете білу. Аз уақыттың ішінде басқа мамандықтың маманына айналу өте қиын дүние. Сондықтан сайыстың әр кезеңінде әлсіздер шығып қала береді.

Үздік нөмірлер


Қос жүргізуші Нұрсұлтан Есжан мен Жансерік Бейсеев командалармен таныстырып, қатысушылар туралы ақпаратпен бөліседі. Біз олардың немен айналысатынын, өмірі мен армандары туралы сайыстың алдында білетін боламыз. Сонымен бірге, сайыс басталмас бұрын олардың дайындықтарына куә бола аламыз. Бағдарламаның әр саны - концерт, күн өткен сайын әрбір нөмір кәсібилене түспек. Құрамында сазгер Арман Дүйсенов бар әділ қазылар алқасы командалардың өнерін бағалап, жобада кім қалатынын, кім қалмайтынын анықтап отырады.

Айрықша нұсқасы


Шоу қатысушылары танымал әндерді орындайды. Алайда олар бұл әндерді бастапқы нұсқадан ерекше етіп орындауы керек. Олар трек ерекшелігін сақтай отырып, ән композициясына өзіндік қолтаңба әкеле білуі керек. Сондықтан әр нөмір жаңа әрі қызықты болып шығады, көп жағдайда танымал әндердің кавер-нұсқалары одан әрі дамып, жалғасын тауып кетеді. Осылайша ән айтуды армандайтын әр адам өзінің арманына қанат бітіріп, үлкен сахнада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады. Ән салады мамандар бағдарламасында қатысушылар өзін жұлдыз сезініп, өз вокалдық мүмкіндігін тексеріп, әртістік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алмақ.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау