Басты бет / ТВ-шоу / Silk Way Star

Silk Way Star (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

 

Вокалдық сайыс


Silk Way Star бағдарламасы - бұл әр елден келген әншілер арасында өрбитін сайыс түріндегі жоба. Ең үздік орындаушы атағын иемдену үшін Қырғызстаннан, Грузиядан, Татарстан мен басқа да елден келген әншілер бақ сынайды. Барлық қатысушылар бірдей тапсырмалар орындап, ең алдымен көпшілікпен танысып, өздері туралы айтқан соң ғана әндерін шырқауды бастайды. Шоудың ерекшелі сол, қатысушылардың барлығы қазастандық хит әндерді өздері өңдеп, тіпті басқа тілде орындаса да болады. Осылайша, бірегей шоулың авторлары жас таланттарды танып, отандық композиторлардың әндеріне көңіл бөледі, қазақстандық мәдениетті танымал етуге тырысады.

Атақ үшін күрес


Silk Way Star бағдарламасының әр саны  - қазылар алқасы қатысушыларға баға беретін концертт Вокал,актерлік шеберлік, ерекше орындау тәсілі мен әнді қойылым арқылы орындауы да көрерменнің таңдауына әсер етеді. Конкурстық жүйе - әнді ең үздік орындаған жеңімпаздарды анықтап, сайыста ұтылғандарды әр кезеңде сахнадан шығарып салып отырады. Қорытынды сайыс жақындаған сайын, қатысушылар саны да азаяды. Олардың ішіндегі ең үздігі Жібек жолының басты жұлдызына айналып, мансабының дамуына зор баспалдақ орнатады. Әрбір адам үйіне жеңіспен қайтып, халықаралық байқауға қатысуымен мақтана алады.

Үздік дауыстар


Қазылар алқасының негізгі мақсаты - ең дарында орындаушыларды анықтап, олардың өнерін ашуға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Сайыс үш айға созылады. Осы уақыт аралығында қатысушылар он екі кезеңнен өтуі керек. Әрбір кезеңде орындаушыларға арнайы тапсырмалар беріліп, сәйкесінше сол ереже бойынша әрекет ететін болады. Байқау шарты бойынша, әншілер шығарманы өздерінің ана тілінде орындай алмайды. Алайда, вокалдық қабілетін шыңдауына тамаша мүмкіндік алады. Silk Way Star бағдарламасы - бұл дарынды жастардың өздерін танытуына, туған еліне жеңіс сыйлауына үлкен мүмкіндік беретін,  шығармашылық сайыс. Төрешілер жастарға өз Өнерін ашуға, қалай танытуға бағыт-бағдар береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қарауға ұсынамыз
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау