1 | 14.05.2017 |
---|---|
2 | 21.05.2017 |
3 | 28.05.2017 |
4 | 04.06.2017 |
5 | 04.06.2017 |
Қаржы мектебі бағдарламасының студиясына білімге құмар, белсенді балалар келеді. Жүргізуші оларға қызықты ойын-сауық ұйымдастырып, танымдық мультхикаялар мен суреттер көрсетеді, сұрақтар қояды. Шоу қатысушылары өз ойларын ашық жеткізіп, жаңа сөздер үйренеді. Оларға берілетін мәліметтер барынша түсінікті болып, естерінде жақсы сақталуы үшін арнайы суреттер мен бейнероликтер жасалған. Біз сөзді әрекет арқылы көре аламыз, сондықтан оның қандай мағына беретінін бірден түсінуге болады. Қажетті білімді ойын түрінде алған қызы әрі көңілді.
Балалар тапсырма мен мультхикаяларды интерактивті экраннан көреді. Онда берілген сұрақтарға қалаған адам тұрып жауап бере алады. Тіпті көрермендер де өз білімдерімен мақтанып, ептіліктерін таныта алады. Тапсырмалар түрлі тақырыптарды қамтиды және түрлі үлгіде беріледі.балалар сөз бен сурет арасындағы сәйкестікті тауып, дұрыс жауапты таңдап, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтауы керек. Балалар экран алдына кезекпен шығып, өз жауаптарын айтады. Ал басқа қатысушылар Қаржы мектебі онлайн бағдарламасының кейіпкерлерін қолдап отырады.
Жоба қатысушылары ойнай жүріп, жаңа мәлімет алады, сөздің қорын кеңейтеді. Олар жаңа сөздермен қоса болашақ өмірде қажет болатын тұрақты сөз тіркестерін де үйренеді. Тапсырмаларды орындау барысында көңіл көтеріп, пайдалы білім алуға болады. Бағдарламаның әр санында бізді жаңа ойындар мен ептілікке, ой ұшқырлығына бейімдейтін тапсырмалар, жаңа сюжеттер пен мультхикаялар күтеді. Қаржы мектебі бағдарламасындағы көңілді сабақтар қиялды шыңдап, адамдармен сөйлесу өнерін дамытады және қызықтырады. Әрбір 15 минуттық шығарылым - жаңа білім мен көңіл көтеру.