Басты бет / ТВ-шоу / Біздің ауыл
Астана арна

Біздің ауыл (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Ауыл өмірі

Біздің ауыл бағдарламасы осы заманда да ауыр еңбек ететін ауыл халқына арналған. Көптеген үрдіс автоматтандырылып, сан түрлі техника пайда болса да, ауылдарда көп нәрсе бұрынғы күйінде қалған. Жүргізуші Әйгерім Сейфолла ауылдарға сапар шегіп, бізге заманауи ауыл өмірін көрсетеді. Біз көптеген қазақстандықтардың үйінде болып, бүгінгі күнге дейін қандай салт-дәстүрлердің сақталғанын көреміз. Көптеген әйелдер үй шаруашылығында дәстүрлі әдістерді жөн көріп, жаңашылдықтан бас тартады.

Дастархан жаю

Қазақтар өте қонақжай халық болғандықтан, сәйкесінше аспаздық дәстүрлері де жақсы дамыған. Біздің ауыл онлайн бағдарламасында қамырды қалай дұрыс илеу керектігін, нан, шелпек және самсаның қалай дайындалатынын көреміз. Жүргізуші бағдарламада өрбіп жатқан істерге түсінік беріп қана қоймай, түрлі тағамдардың дайындалуына араласып, үй иелерімен әңгімелеседі. Онда адамдар өз отбасындағы қалыптасқан дәстүрлер туралы айтып, дамді тағамдар дайындау тәсілдерімен, асүйдегі құпияларымен бөліседі. Мұндай отбасыларға қонақ болу арқылы ұлттық астарды еске түсіріп, ата-бабаларымыз қолданған рецептермен танысамыз.

Әйел шаруасы

Ауылда тұратын әйелдерге көп ауыр жұмыс істеуге тура келеді. Себебі ондағы әрбір іс мықты күш пен үлкен шыдамдылықты талап етеді. Күніне үш рет сиыр сауып, малды жайғап, бақшаға қарап, егінді сақтауы керек. Ауылдағы тыныш өмір мен табиғат әсемділігі отбасының әрбір мүшесінен еңбек етуді талап етеді. Оған Біздің ауыл бағдарламасында көз жеткіземіз. Ауылдағы сапарлар мен ондағы халықпен танысу өте қызық, әрі пайдалы. Себебі әр отбасы татулықты сақтау құпияларымен, шаруашылықты жүргізу бойынша кеңестерімен бөліседі. Бұл ақыл қалада тұратын адамдарға да қажет болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау