0

ID Party (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -

Сән әлемінде

ID Party бағдарламасы әр елдегі сән әлемінің жаңалықтарына арналған. “Үлкен төрттіктен” басқа фешн-индустриядағы танымал адамдар бас сұғатын көптеген іс-шаралар бар. Олар сәнге арналған модельдік агенттіктердің, қонақүйлердің, бутиктер мен мейрамханалардың және халықаралық жобалардың ашылуында бой көрсетеді. Қазақстандықтардың да сән әлеміндегі басты өзгерістерді бағамдап, ел алдына кімнің қалай киініп шыққанын назарда ұстауға хақы бар. Бұл бағдарлама арқылы біз сән әлеміндегі халықаралық және отандық іс-шаралардан репортаждар тамашалаймыз.

Жаңа бейнелер

ІD Party бағдарламасының бір шығарылымы халықаралық Model Convention Ukraine жобасына арналған. Киевте өтетін бұл жобаға модельдік бизнестегі ең танымал адамдар мен Украинадағы белсенді тұлғалар қатысады. Ұйымдастырушылар жоба қатысушыларынан модельдік бизнес пен жергілікті сән әлемін дамытудың жолдарын көрсетуді сұрайды. Сонымен қатар, халықаралық мамандар украиналық модельдердің жүріс-тұрысын қадағалап, сән әлеміндегі жаңа бейнелерді табуға тырысады.

Сәнгерлер көңіл көтереді

Қазақстанда әлемге әйгілі журналдың ұйымдастыруымен L'Officiel Awards жүлдесі өтеді. Бұл іс-шараға халықаралық брендтер демеушілік танытады, ал қатысушылар арасында танымал тұлғалар бар.  2017 жылы алғаш рет марапаттау рәсімі өтті. Ұйымдастырушылар бұл рәсімнің ары қарай жалғасатынына сенімді. Алғашқы жүлдегерлер қатарында отандық сән индустрияны дамытуға үлес қосып жүрген қазақстандық актерлер мен актрисалар, модельдер бар.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау