Тұмарым NUR❤TV
Алматы NUR❤TV Алматы арна

Тұмарым (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Әйелдер мәселесі

Тұмарым бағдарламасы қазақ әйелдерінің қоғамдағы басты мәселелеріне, әйелдің өмірдегі рөліне және жеке проблемаларына арналған. Ток-шоу форматы бойынша, өзінің жеке басындағы мәселесімен бөліскісі келетін кейіпкер ортаға шығады. Кейіпкердің мәселесіне пікір білдіру үшін әйелдер ғана емес, еркектер тарапынан да сарапшылар қатысады. Жүргізушілер тақырыптың әртүрлілігіне қарамастан, қилы жағдайларға қатысты пікір айтатын мамандарды шақырады. Кейбір қатысушылар телеарна арқылы халыққа үндеу тастап,  қиын жағдай кезінде көмектесуді сұрайды.

Бала кімде қалады?

Тұмарым бағдарламасы өмірдегі оқиғаларға негізделген тақырыптарды қозғайды. Бұл тақырыптардың бірі халықты қуантса, енді бірі жаға ұстатады. Анастасия Шестаева есімді кейіпкер өзінің баласын ұрлап кеткен соң, студияға келіп жанайқайын айтты. Күйеуімен ажырасқан соң Настяның ұлы Георгий анасымен қалады да, әкесімен кездесіп тұрады. Бірде әкесі алты жасар ұлын алып, үйге оралмаған. Мұндай жағдайда ананың амалы қанша? Қандай қадамға баруы керек? Алдымен ол мемлекеттік органдарға хабарласады. Бірақ олардан екі ай бойы мардымды жауап болмаған. Бүгінде ана баласының қайда, қандай күйде екенінен мүлде бейхабар. Сарапшылар мен журналистер оған әділдікке қол жеткізу үшін көмектескісі келеді.

Айтудан қорықпаймын

Көптеген әйелдер үшін Тұмарым бағдарламасы мәселелердің басын ашып, оның шешімін табуға көмектесетін алаңға айналды. 21 ғасырда жылдар бойы жалғасқан зорлық фактілері күшін жоймай, күн тәртібінде тұр. Көпшілік мұндай жағдайдан қалай қорғану керектігін әлі күнге дейін білмейді. Украинада бастау алған “Айтудан қорықпаймын” флешмобы Қазақстанда да жалғасын тапты. Зорлық құрбаны болған әйелдер әлеуметтік желілерде өз оқиғаларымен бөлісті. Осылайша, көптеген әйелдер жанын жабырқатқан жайттардан жеңілдеп, комплекстен арыла бастады. Ток-шоу жүргізушілерінің айтуынша, кез келген пробеманы бірлесіп шешкен оңайырақ. .

 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау