Басты бет / ТВ-шоу / Milan Fashion Week

Milan Fashion Week

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Сән әлеміндегі тенденциялар

Milan Fashion Week - Италиядағы сән апталығында көрсетілетін жаңа маусымдағы сән үлгілері туралы бағдарлама. Бұл сән көрсетілімі Парижде, Лондонда және Нью-Йоркте өтетін “Үлкен төрттіктің” қатарына еніп, әлемдегі сән үлгілеріне ерекше ықпал етеді.  Милан 1979 жылдан бері сән орталығына айналды, бүгінде қалада сән көрсетілімдерін өткізуге арналған арнайы ғимараттар бар. Франциядағы жоғары сән үлгісіне қарағанда, Италиядағы сән шарасы мейілінше қарапайым халыққа жақындығымен ерекше. Сән апталығын үзбей қадағалайтындар қатарында қазақстандықтар да бар. Олар сән әлеміндегі жаңалықтарды өз пайдасына жарата алады.

Сарапшылар пікірі

Milan Fashion Week кең масштабты, көп күнге созылатын шара болған соң,таңдау қиынға түседі. Егер сіз стиль, сәнді түстер, маталар туралы нақты мәлімет білгіңіз келсе, сізге қазақстандық мамандар көмектеседі. Олар өз бағдарламасында күнделікті және кешкі образдарда қандай киім кию керектігіне бағдар береді. Әңгіменің киім, аксессуар,  сәнді бұйымдар туралы екенін бағамдап отырған шығарсыз. Италиядағы сән тұғырында көрсетілген түрлі идеяларды әр ел өзінше қабылдайды. Олардың көпшілігі универсалды, сол себепті, қазақстандық стилистер мен дизайнерлер де сол идеяларды қолданады.

Әмбебап шешім

2017-2018 жылғы маусымда артқа қарай таралып, қайырылған шаш үлгілері трендте. Артқа қайырылған шаш бет-әлпетті ашып тұрады. Мұндай образбен түрлі сауық кештеріне барып, дүкен аралауға да болады. Бұл шаш үлгісінің әмбебап екенін көрсетеді. Қарапайымдылық пен аста-төк әдеміліктің үйлесімі - шаш үлгісінде де, киім үлгісінде де трендте тұрғанын ұмытпаңыз. Milan Fashion Week онлайн бағдарламасында біз итальяндық сән көрсетіліміндегі трендтер мен жаңа тенденцияларды отандық дизайнерлердің қалай қабылдағанын байқайтын боламыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау