Шарайна NUR❤TV
N/A
  • SD
  • 12+

Шарайна (Сезон 1. Серия 1)

Апта қорытындысы

Шарайна ақпараттық бағдарламасы бір аптадағы барша жаңалықтың қорытындысын тарту етеді. Жеті күннің ішінде еліміз бен шетелде болып жатқан ақпараттар ағынына ілесу мүмкін емес. Күнделікті шығатын жаңалықтардан біз жаңа мәселелердің пайда болғанын көреміз, бірақ проблеманың шешімі мен оқиғаның ары қарай қалай өрбігенінен бейхабармыз. Еліміз бен әлемдегі ең маңызды оқиғалар мен кикілжеңдерді назардан тыс жібермеу үшін журналистердің сараптамасынан өткен қорытынды жаңалықтарды тамашалаңыздар. Біз әр шығарылымда саясат, қоғам, мәдениет пен спорт жаңалықтарын тарататын боламыз.

Назар аударыңыздар

Жүргізуші Нартай Аралбайұлы кезекті бағдарламаның өзегіне айналған сұрақтарды тізбелейді. Басты назарда транспорт мәселелері, әуежайлардың қызмет көрсетуі, заң саласындағы өзгерістер, мемлекеттік реформалар, супермаркеттегі тауарлар мен басқа да маңызды мәселелер. Шарайна онлайн бағдарламасында біз жаңалықтарды тыңдап қана қоймай, осыған қатысты сарапшылардың пікіріне де құлақ түреміз. Көптеген даулы оқиғалардың шешімін табу үшін журналистерге нағыз тергеу жұмыстарымен айналысуға тура келеді. Мұның бәрі көрермендерге шынайы ақпарат беру үшін жасалған қадам.

Жаңалықтар аптасы

Әрбір шығарылым кезінде журналистер сюжеттерді алдын ала дайындап қояды. Алайда, оқиға орнынан тікелей байланысқа шығатын кездер де көп. Шарайна бағдарламасының авторлары оқиғаның куәгерлерімен ғана емес, болған жағдайға қатысты жауап беретін лауазымды тұлғалардан да пікір алады. Сарапшылар арасында парламент депутаттары, министрлер, ведомств жетекшілері, шетелдік елшілер мен басқа да адамдар бар. Саяси және экономикалық оқиғалардан бөлек, қоғамдағы түрлі оқиғалар да журналистердің назарында. Оның ішінде, жұмыс орындарының ашылуы, отандық тауарлардың ассортименті, ЖОО-лар туралы статистика, қазақстандықтардың халықаралық жарыстардағы табысы және басқалар бар.

Қарауға ұсынамыз

Авторизация

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау