0
Байлам NUR❤TV
Алматы NUR❤TV Алматы арна

Май өнімін қалай таңдау керек? (13.06.17) (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -

Халықтың қамы

“Байлам” - жұмысшы таптың жағдайы мен әлеуметтік сұрақтарға бағытталған бағдарлама. Қазақстанның әрбір тұрғыны маңызды сұрақтарды шешу кезінде мемлекеттің көмекке келетініне, қауіпсіздігіне кепіл болып, қажетті заттармен қамтамамасыз ететіне сенеді. Әлеуметтік қамтамасыз ету заңмен қарастырылғанымен, өз құқығы мен міндеттерін көпшілік біле бермейфді. Біз мемлекеттен нені талап етуіміз керек? Ал өзіміз қандай мәселелермен айналысамыз? Журналистер өмірде болған оқиғаларды негізге ала отырып, халыққа қайда хабарласып, билік өкілдерімен қалай байланыс жасау керектігін түсіндіреді.

Сенім мен

Қазақстанда мыңдаған отбасы әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отыр. Алайда, олардың барлығы тиісті көмекті ала алмайды.  Байлам онлайн бағдарламасы арқылы біз адрестік көмекке кімнің үміткер бола алатынын және жалпы мұның нендей нәрсе екенін түсіндіреміз. Үкімет елдегі кедейлікпен күресіп, халықты тұрғын үймен, тамақпен қамтамасыз етуге тырысуда. Алайда, тек қана мемлекетке иек артып өмір сүруга болмайды. Біз бұл бағдарламадан өз-өзін асырап отырған отбасылар туралы сюжеттер тамашалаймыз.Сондай-ақ, халықты қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен қызметтер туралы да әңгіме қозғалмақ. Қандай қызмет тегін, ал қандай қызметке ақша төлейсіз?

Қауіпсіздік пен денсаулық

Апта сайын көрсетілетін шығарылымдар көптеген қазақстандықтарға тікелей қатысы бар тақырыптарға арналады. Журналистер арнайы мамандар көмек пен пікір сұрайды. Бағдарламаның бір шығарылымы жер сілкінісіне арналған. Сейсмолог мамандар бұл шығарылымда жер сілкінісінің себептерін болжап, Қазақстанның қай облысында қауіптілік деңгейі жоғары екенін айтады. Қазақстан аумағында қатты жер сілкіністері болып тұрады, сол себепті, кез келген адам мұндай табиғат құбылысының қайталанбағанын қалайды. Оның үстіне, табиғи апат кезінде қалай әрекет ету керектігін кез келген тұрғын біліп алғаны дұрыс. Байлам бағдарламасында мұның бәрін арнайы мамандар түсіндіріп береді.

 

 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қарауға ұсынамыз
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау