Басты бет / ТВ-шоу / Жұлдызды дода. Звездные Войны
Хабар арна

Жұлдызды дода. Звездные Войны (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Құйып қойғандай…

Жұлдызды дода бағдарламасында танымал қазақстандық әртістер шетелдік жұлдыздардың образында өнер көрсетеді. Баян Есентаеваның жаңа жобасында қатысушылар өзінің әртістік қабілеті мен өзге адамды айнытпай салатын өнерін паш етеді. Студияда әншілердің талантын вокал, образ, әртістік қабілет бойынша бағалайтын әділ-қазылар алқасы бар. Мұндай керемет шоуды түсіру үшін ұйымдастырушылар осы бағыттағы бағдарламаларды дайындайтын бірнеше шетелдік стилист пен дизайнерлерді шақыртты.

Қызу бәсеке

Жұлдызды дода жобасына елімізге танымал әншілер қатысады. Алайда, грим жасап, шетелдік жұлдыздардың образына енген әншілерді бірден тану мүмкін емес. Сахнаға шыққан шетелдік әншіні көргенде оның рөлін отандық жұлдыздың ойнап тұрғанын байқамай да қаласыз. Мұндай сәтте қатысушылардың ұпайы еселене түседі. Бұл бәсекеде жеңімпаздар да, жеңіліп қалғандар да бар. Сондықтар, әр шығарылым сайын әділ-қазылар алқасы бір қатысушымен қоштасып отырады. Көрсетілген нөмірлер жүргізушіге пародия жасаумен шектелмеуі тиіс. Мұнда көрерменнің шоуға қатысушы мен шетелдік әншінің ара-жігін ажырата алмағаны маңызды. Сол кезде орындаушы жеңіске бір табан жақындай түседі.

Өзге әншіге айналу

Грим мен жүріс-тұрыс және дауыс арқылы өзге әншіні айнытпай салу көпшіліктің қолынан келе бермейтіні хақ. Әйтсе де, шоуға қатысушылар өзге әншіге айналар алдында аздап қобалжығанын жасырмайды. Дегенмен, қорқынышын жеңе білген жұлдыздар сахнаға Земфира, Виктор Цой, Тото Кутуньо, Сосо Павлиашвили және тағы басқа әншілерді алып шықты. Жұлдызды дода онлайн бағдарламасындағы барлық қызықты сәттер тура сахна үстінде орын алады. Образ таңдауда орындаушыларға қойылған шек жоқ, әйтсе де, барлығы әнді жанды дауыста орындау керек. Финалға дейін шоумен қош айтысқан әншілердің образдары да интернетте көп қаралым жинап, халықтың қызығушылығын тудырды. Қазақстандық телевизия мамандары отандық телеарнада мұндай жоғары деңгейдегі жобаның болғанын мақтан тұтады.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау