Басты бет / ТВ-шоу / Қылмыс пен жаза

Қылмыс пен жаза (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Қылмыстық істер

Қылмыс пен жаза - Қазақстандағы сот процестерінің ақпаратына негізделген бағдарлама. Мұндағы оқиғалардың дені елді дүрліктірмеуі мүмкін, әйтсе де, басым бөлігі назар аударуға тұрарлық жайттар. Бағдарлама арқылы біз қылмыскерлердің өз жазасын алып, елдегі сот жүйесі қалай жұмыс істейтініне көз жеткіземіз. Барлығы жедел қызметкерлердің істі тергеуінен басталады. Ал қылмыскер қолға түскен соң, іс сотқа жолданады. Қылмысты ашу үшін бірнеше ай кетіп, іс бір соттан екіншісіне ауысуы мүмкін. Алайда, ең соңында мамандар қылмыска кінәлі адамды тауып, заң бұзушыларды жазалайды.

Жауыздық жазаланады

Қылмыс пен жаза бағдарламасында еліміздің әртүрлі аймағында болған оқыс оқиғалар көрсетіледі. Іс материалы бойынша оқиға барысын кәсіби актерлер ойнайды. Сериялардың біріндегі оқиға мас күйінде үш адамды өлтіріп тастаған қылмыскердің басындағы іске негізделген. Барлығы үйдегі жай отырыстардың бірінде басталды. Көңілді отырыс ішімдікке тойып алған тұрғындардың төбелесіне ұласып, соңы үш адамның өлімімен аяқталды. Бас кейіпкер қонаққа келген досымен төбелесіп, ақыры оны белбеуімен қылғындырып өлтіреді. Содан соң, қылмыстың куәгері болған әйелді кішкентай сәбимен бірге ажал құштырады. Мұндай ауыр қылмыстың арты неге әкелді?

Бас бостандығынан айыру

Біз Қызылордадағы қайғылы жағдай орын алған пәтер мен сот залында болған оқиғаларды көреміз. Тергеу нәтижесі мен судьялардың араласуынан соң қылмыскерді мүлкін тәркілей отырып 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданды. Адвокаттар мен прокурорлардың пікірі оқиға мен шығарылған үкімді одан әрі түсінуге мүмкіндік береді. Қылмыс пен жаза онлайн бағдарламасында әртүрлі сипаттағы ондаған қылмыстық оқиғалардың соңы қалай аяқталғанын анық көрсетеді. Заңды бұзған көптеген қылмыскерлер бүгінде жазасын темір тордың арғы бетінде өткізуде.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау