Басты бет / ТВ-шоу / Айтуға оңай

Айтуға оңай (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Еліміздің бет-бейнесі

Айтуға оңай бағдарламасы Қазақстанның әлеуметтік саласындағы мәселелерге арналған. Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанып, өз-өзін қамти бастағаннан бері көп нәрсе өзгерді. Көптеген мәселелердің күрмеуі шешілгенімен, шешімін таппаған жайттар да бар. Одан бөлек, уақыт ағымымен бірге халықтың басқа да проблемалары бой көрсете бастады. Тастанды балалар мен жағдайы кеткен қариялар, халықтың төменгі табы мен өзге де мәселелер жөнінде ашық айтатын Айтуға оңай бағдарламасы көрерменнің көңілінен шығып үлгерген. Бағдарлама кейіпкерлері өмірге деген құлшынысының мықтылығымен ерекшеленеді. Әйтсе де, оларға табысты адамдардың көмегі керек-ақ.

Өмірден алынған оқиғалар

Бағдарлама жүргізушісі Бейсен Құранбек студияға өз өміріндегі ауыр жайттарды баяндау үшін келген кейіпкерді шақырады. Мәселені талқылауға оқиғаның мән-жайын естіп отырған көрермендер де қатыса алады. Қоғамның түрлі пікірін тудыратын жайттарды айту үшін батылдық пен рух керек. Студияға көмек сұрап келген адамдар басынан өткен қайғылы оқиғаларды баяндап, әділетсіздіктің құрбаны болғандар заңды шешім орнатуға көмектесуді сұрайды. Олар өз мәселелерінің шешімін тауып, халықтан қолдау болады деген үмітпен келеді. Айтуға оңай бағдарламасында ойдан шығарылған сюжеттер жоқ, барлығы өмірден алынған.

Халық дауысы

Студияда қонақта болған адамдардың қатарында нағыз сый-құрметке лайық, түрлі қиындыққа мойымаған адамдар бар. Қарапайым ғана адамдардың өз отбасы мен жақындары үшін жасалған ерліктері көп жағдайда ескерусіз қалып жатады. Әрине, мұндай жағдай жалпы халық көлемінде айтарлықтай маңызды болуы мүмкін. Бірақ, осындай оқиғалар арқылы бүкіл халықтың портреті белгілі болмақ. Демек, елдегі әрбір адамның тағдырына көңіл аудару керек. Айтуға оңай онлайн бағдарламасының бас кейіпкерлеріне қарап, өмірдегі өзіміз байқамай жүрген құндылықтарды бағалауға, жақын жандарымыздың қадірін білуге ұмтылатынымыз анық. Қарапайым қазақстандықтардың өміріне қарап, көрермендер өмірде көп қателік жібермеуге тырысатыны сөзсіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау