Көршілер (Сезон 1. Серия 1)

Құрметті көршілер

Көршілер -көппәтерлі үй тұрғындары жайлы сериал. Жуырда мұнда жаңа бес отбасы пайда болды, олар уақыт өте келе жаңа жағдайға бой үйретіп жатыр. Үй басшылығы жаңадан көшіп келгендерді назардан тыс қалдырмай, олардың әдеттерін бақылап жүр. Тентекбаевтар отбасында бір проблема бар - қаражат жетіспеушілігі мен несие. Анасы қызы АЙсәулені тұрмысқа беріп, осы проблеманы шешуді ойлайды. Қыздың талғамы өте жоғары болғандықтан, өзіне лайық жігітті таба алмай жүр. Өзінің де тезірек тұрмысқа шыққысы келеді. Інісі әлі мектепте оқиды, ал анасы оны әкесіне қатты ұқсайды деп ойлайды. Бұл отбасындағы қарсылықтар күлкілі жағдайларға душар қылады.

Хобби және жұмыс

Жақында Көршілер атты онлайн сериалда ғалымдар отабсы пайда болды. Ерлан физикамен айналысады, оның жары Айдан - биологоиямен. Әркім өз ісіне беріліп кеткен, сол себепті пәтер лабораторияны еске түсіреді. Олардың ұлдары Асхат 16 жасында ғалым болып, университетке түсті. Ол Айсауле Тентекбаевамен бір топта оқиды және группаластары оны мазақ қылады. Оны университетте оқу үшін әлі кішкентай деп санайды, бірақ бұл жігіт профессордың өзін жолда қалдырады. Амбициялы және талантты жас жігіт тіпті ректорды басып озбақшы.

Бәрінің көз алдында

Көршілер қанша қаламаса да, кездесіп қалып жатады. Жаңа отбасылардың бірінде дүниеге сәби келеді, бірақ олар балаларына ат таңдай алмайды. Отағасы Мақсат баланы тәртіпке үйреткісі келеді, себебі баланың жылауы оған кедергі келтіреді. Бірақ, жұбайы оған некелесу шарты мен ондағы міндеттерді еске салады. Әр пәтерде түрлі адамдар өмір сүреді және олардың әрқайсысы өз бетінше өмір сүріп үйреніп қалған. Көршілер сериалында біз вокалды дайындығымен бүкіл пәтердің мазасын алатын опера әншісін көреміз. Әнуар таңның атысынан, кештің батысына дейін ән айтады.

Қарауға ұсынамыз

Авторизация

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау