Өгей жүрек

Жұбайына тосын сый

Өгей жүрек - баласымен бірге махаббатқа деген сенімнен айрылған жас әйел туралы сериал. Бибігүл күйеуімен және келініне үнемі тиісіп жүретін енесімен бірге тұрады. Енесінің бар уайымы - жас жұбайлардың 3 жылғы некелік өмірінде әлі бала болмағандығы. Өзі әже болып, немере баққысы келетіндіктен емес, көршілерінің бәрінің балалары болғандығы оны көбірек қапаландырады. Жұбайының туған күнінде Бибігүл оған оң жәтижесі көрсетілген жүктілік тестін әкеліп, тосын сый жасайды.

Бәрі бітті

Алайда осынау қуанышты күн трагедияға айналады. Туған күнін әйелімен бірге тойлаудың орнына, Арман түні бойы жұмыста қалатындығын айтты. Оның презентациясын тез арада аяқтау керек болып, амалсыздан осылай істеуге мәжбүр болыпты-мыс. Бибігүл күйеуінің кеңсесіне кешкі асын апарып бермекші боп барғанына қатты өкінді: күйеуі көңілдесімен көңіл көтеріп отыр екен. Өгей жүрек сериалындағы сатқынның бар ақталу сөздері ақылға сыйымсыз және сенуге тұрмайтын сөздер. Бұл отбасының ендігі жерде болашағы жоқ еді - осы себепті де жұбайлар ажырасады.

Бәрін басынан бастау

Трагедиядан соң Бибігүл өз-өзіне қол жұмсамақ болады, бірақ оған тірі қалу бұйырады. Ол енді ешкімге сенбейді, өмір мен өлімнің арасында жүрген әйел үшін бұл өмірде мағына жоқ еді. Әрбір күн жанын жегідей жеп, ойы сан-саққа жүгірсе де, өмір тоқтап қалған жоқ. Кейіпкердің үнемі қасында қолдап жүретін ата-анасы ол үшін қатты уайымдайды. Осы жағдайдан кейін де ол қайтадан сене алатын адам таба ала ма? Өгей жүрек онлайн сериалында оны екінші мүмкіндігі мен бұрмалаң жағдай күтіп тұрады. Әрі қарай картина жетімдер мен жетімдер үйі проблемасын көрермен назарына ұсынады.

Қарауға ұсынамыз

Авторизация

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау