Құстар әні (Сезон 1. Серия 1)

Музыкаға деген махаббат

Құстар әні - танымал қазақ композиторы әрі дирижері Нұрғиса Тілендиевтің өмірі туралы хикая. Сонымен бірге ұстаз әрі дарынды домбырашы ретінде танымал. Қазақстанның Еңбек ері деген атқа ие болған тұлғаны музыкаға кішкентай кезінен әуес болған, жастайын өнерімен үлкен құрметке ие болған. Әкесінің арқасында ол домбырада ойнауды үйреніп, 12 жасында-ақ Нұрғиса музыкалық училищеде балетмейстер атанған. 14 жасынан дирижер болып, музыка мен оның тарихын зерттеуге ден қояды, сондай-ақ ән жазады. Ол музыкаға үлкен құрметпен қарайды. Әскерге барып келген соң ол консерваторияны бітірген.

Жаңа дирижер

Құстар әні хикаясының сюжеті 1961 жылдан басталады. Ол кезде Нұрғисаны Құрманғазы атындағы оркестрдің дирижері болып тағайындайды. Өз қызметіне күдікпен қараған танымал композитор оркестрдің түрін көріп, ашуланып кетеді. Бұл ұжымда не қажетті музыкалық инструмент, не дарынды музыкант, не орындаушылардың талабын да көре алмайды. Ол бұлс істен бас тартпақ болады да, алдымен дайындыққа барып, жағдайды өз көзімен көруге бел буады.

Барлығын жаңадан бастау

Тілендиев оркестр құруды қолға алып, бірнеше жылдың ішінде тамаша ұжымның жасап шығарады. Ол музыканттарды қайта іріктеп, қайта оқытып, бастысы, олардың музыкаға деген махаббатын оята алады. Көптеген музыканттар композиторды қатал адам деп санайтын, алайда аз уақыт ішінде ол Нұрғисаны жақыннан танып, оның бұл қылығының себебін де түсінеді. Құстар әні онлайн хикаясының арқасында біз аңызға айналған композитордың өмірімен танысып қана қоймай, сонымен бірге оның жан дүниесі мен болмысы туралы көптеген деректерге қанық боламыз. Нұрғиса Тіоендиев қазақстандық музыканың аңызына айналып, оның шығармалары классикалық туындыға айналып үлгерген.

Қарауға ұсынамыз

Авторизация

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау