Тракторшының махаббаты (Сезон 1. Серия 1)

Жұлдыз ауруы

Тракторшының махаббаты - тағдыр тәлкегімен ойда жоқта кәдуілгі ауылға тап болған атақты актриса туралы хикая. Белла көпшілікке танымал фильмдерге түсіп, жарнамалардан үнемі көрініп жүретіндіктен елге аты жақсы таныс. Өз табыстарына масаттанған бойжеткен өзін нағыз жұлдыз санайды. Түсірілім кезінде ол өзін емін-еркін ұстайтыны соншалық, жұрттың бәрімен ұрсысып, үнемі елді кінәлап, өзіне көңіл бөлуді және қызмет етуді талап етеді. Ол елге қаншалықты танымал болса да, оның бұл қылығы өте ерсі болатын. Кім болса да, ол адам баласы, сондықтан қызметтестерімен араласқанда өзін өзі дұрыс ұстай білгені жөн болар еді.

Тағдырдың тәлкегі

Бас кейіпкерді алдағы уақытта адам сенбес оқиғалар күтіп тұр, ол жаңа кейіпке келіп, мүлдем басқаша өмірді бастан өткізуіне тура келеді. Бетбақ әрі дөрекі актриса тағы да ешкімге көңілі толмай қызметкерлермен сөзге келісіп қалып, жолға жалғыз шығып кетеді. Кешкі уақытта айналаны тұман басып, жолды көрудің өзі мұңға айналады. Сөйтіп көлігімен аударылып, жол апатына түскен Белла есінен танып қалады. Тракторшының махаббаты хикаясында көгілдір экранның жұлдызы белгісіз ауылға тап болады, тіпті есін жиып, көзін ашқанда өзінің кім екенін де есіне түсіре алмайды. Жадынан жаңылған бойжеткен жаңа өмір бастайды.

Нағыз контраст

Бұрынғы Белла болса мұндай жерге бір күн болса да тоқтай алмас еді. Юұл қарапайым ғана ауыл үйі, тіпті мұнда өмір бір орнында тұрып қалғандай. Мұндағы адамдар да өзгеше, сән-салтанатсыз-ақ өмір сүріп, шаруашылықпен айналысуда. Бас кейіпкердің барар жері жоқ, есінде ештеңе жоқ, сондықтан осы үйде жүруге мәжбүр. Ауылда жүріп ол екі қызы бар жігітпен таныс болып, олардың арасында тамаша қарым-қатынас пайда болады. Тракторшының махаббаты хикаясынан біз бұрынғы тележұлдыз бен қарапайым ауыл жігітінің арасында өрбитін жақсы қатынастың куәсі боламыз.<

Қарауға ұсынамыз

Авторизация

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау