Перекресток в Астане (Сезон 1. Серия 42)

Оқиға жалғасуда

Астанада тоғысқан тағдырлар хикаясы 90-жылдары аса танымал болған. Сондықтан ол өз жалғасын тапты. Араға жылдар салып, кейіпкерлердің өмірі де өзгерген. Алайда кей кейіпкерлерді көрермендер бірден таниды. Платоновтар мен Омаровтар отбасындағы аға буын қартая түсіп, олардың балалары үйлі-баранды болған. Людмила қызымен бірге Владивостоктан Астанаға көшіп келеді. Оның күйеуі - зерттеуші. Ол үйде сирек болады. Ал олардың ұлдары Санкт-Петербургте тұрады, мына жаққа қайтуға да құлықсыз. Отбасы жаңа пәтер сатып алып, анасыемн қызы заттарын түгендеп, жаңа өмірге дайындалуда.

Қымбатты көршілер

Жаңа пәтерге көше салысымен Людмила көршілердің музыка дауысын тым қаты қоюына наразы болады. Ол үстіңгі қабатқа көтеріліп, мән-жайды блімек болады. Алайда оның ашуына тиген көршісі оның танысы Ағайша болып шығады. Перекресток в Астане хикаясында бұрын құрбы болған жандар қарым-қатынастарын жақсартуға тырысқанымен, олардың бұрынғы естеліктері оларға маза бермейді. Ағайшаның өз отбасы бар, алайда ол отбасының тыныштығын бұзғысы келмейді.м Себебі Людадан көп нәрсе күтуге болады. Оның анасы зейнетте болса да, медбике болып қызмет атқаруын жалғастырып келеді.

Айтарлықтай жеңіске жету

Омаровтар отбасының Астанаға қоныс аударғанына он жыл болған. Ағайшаның күйеуі бұрын темір жол қатынастары саласында үлкен шенеунік болып қызмет атқарады. Ол өзінің қаласын, отбасы мен жұмысын жан-тәнімен сүйеді. Олардың ұлы Оксфорд университетін бітіргелі жатыр, ал қыздары Қазақстанда білім алып жүр. Ағайшаның өзі болса суретші болып кеткен. Кейіпкерлердің осынша жылдан бері бір-біріне айтар жаңалығы көп. Енді олардың қарым-қатынастары қалай өрбімек? Астанада тоғысқан тағдырлар онлайн хикаясында екі отбасы бұрынғы естеліктерімен бетпе-бет келіп, оны ұмытуға тырысады. Алайда қанша жыл өтсе де, өткен шақты ұмыту қиынға түседі.

Қарауға ұсынамыз

Авторизация

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау