0
Қария NUR❤TV
Хабар NUR❤TV Хабар арна

Қария (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -

Мазасыз қариялар

Қария телехикаясы қоғамда аса маңызды рөл алатын балалар мен ата-аналар арасындағы өзара келіспеушілікке арналған. Тіпті үлкен балалар әке-шешесімен әркез тіл табыса беруге қауқарсыз болса, кейбір ата-аналар балаларын өздігінен өмір сүруге жібере алмай жатады.  Бұл қарым-қатынастар үлкен күш салуды қажет етеді. Алайда, көбісінің бұл мәселені шешудің жолдарын іздестіруге уақытымен қоса ниеті де болмай жатады. Бүгінгі күні көптеген жас отбасылар өздерінің ата-аналарын қарттар үйіне тапсыруды жөн санап кетті. Туғандары теріс айналған қариялар қандай сезімде болады?

Үйге деген сағыныш

Әбілғазы өмір бойы әке, күеу және отағасы болған. Енді қартайған шағында баласы үйге келін түсіргенде, олардың арасы суып кеткен. Әйелі мен әкесі арасындағы келіспеушілік ушығып кеткендіктен ер адам қарт әкесін арнайы мекемеге өткізіп тастайды. Ол бұл шешім екі жақ үшін де дұрыс деп есептеп, үлкен қателікке бой алдырады. Жас отбасы балқып-шалқып өмір сүре бастағанда, Әбілғазы шал қарттар үйіндегі қатаң заңдарға тап болады. Директор барлық қызметкерлер мен қарттарды жіті бақылауда ұстап жүреді. Қария онлайн телехикаясында қариялар тастанды әрі бақытсыз адамдар ортасында болғанша, туған отбасына оралуды арман етеді..

Жүрекпен көру

Біз Әбіоғазы жөнінде ғана емес, сонымен қатар оның көршілері жайында да білетін боламыз. Әркімнің не себепті үйден қуылып, осы мекеме қабырғасына келгені жайында бөлек оқиғалары бар. Көп жағдайда туыстарымен арада орын алған келіспеушілік кесірінен олар қарттар үйіне тапсырылған. Бірақ туғандары теріс айналған қариялар күндердің күнінде балалары келіп, оларды алып кететініне сенім білдіреді. Онымен қоса, тастанды қариялар арасында бұл мекемеден қайтар жол жабық екенін де түсінеді. Біреулер сирек болса да туғандарымен кездесіп тұратынына қуанышты болса, басқалары мүлдем зауышудан бас тартқан. Ал кейбірін мүлдем енді көрместей тастап кетсе керек. Қартайған шақта үйден қуылып ешкімге керексіз болып қалуға қалайша жетуге болады? Қария хикаясын маңызды мәселені көтеретін әлеуметтік жоба ретінде бағалауға болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау