Басты бет / Сериалдар / Ауырмайтын жол ізде
0
Ауырмайтын жол ізде NUR❤TV
Хабар NUR❤TV Хабар арна

Бүйрек 1-бөлім (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -

Ақ халаттар

Ауырмайтын жол ізде - күнделікті түрлі оқиғаларға тап болатын дәрігерлер мен медбикелердің өмірі жайлы телехикая. Адам өмірі үшін үздіксіз күрес жүретін емханаларда өмір бойы қызу атмосфера орнап тұрады. Біреулер арнайы жоспарлы түрде емделуге келсе, басқа көпшілік аурухана қабырғасына ойламаған жерден тап болады. Көбісін жедел жәрдем әкеліп, оның ары қарай өмірі дәрігер шеберлігі мен ептілігінің арқасында шешілмек. Медицина қызметкерлері үнемі денсаулықты сақтап әрі қадағалап жүруді шаршамай айтады. Бұл кеңесті олар бір күні операциялық үстелге жатып қалмас үшін алдын ала ескертпе ретінде береді.

Ең бастысы денсаулық

Ауырмайтын жол ізде онлайн хикаясы - бұл науқастардың оқиғасы ғана емес, сондай-ақ мамандардың кәсіби пікірлері. Көрермендер бас кейіпкерлердің іс -әрекеттеріне қарап-ақ пайдалы шешім қабылдауына әбден болады. Біз дәрігерлердің өз науқастарына қалай қарайласатыны мен олардың ауруханадан тыс өздерін қалай ұстайтындарын тамашалай аламыз. Бұл жұмыс үнемі кәсіби әрекет етуді талап етеді. Қарапайым дәрігерлер өміріне науқастарының қал-жағдайы қалайша әсер етеді? Бұл кәсіпті таңдамас бұрын, оларөздерін күнделікті жұмыс орнында күтіп тұратын өмірдің белсенді түрі мен тосын сыйларына бейімделіп алады.

Адамдарға деген қарым-қатынас

Көп жағдайда емделу жылдамдығы мен сапалығы дәрігердің нәтижеге деген ұмтылысына тәуелді болып келеді. Хикаяда біз, дәрігер көмегіне мұқтаж ауқатты мен кедей, кәрі мен жас науқастарды да көреміз. Олардың арасында тіпті, нәзік бойжеткен мен жүкті әйел және қарт кісі де бой көрсеткен. Барлығының үнемі қасынан табылар жақын туыстары бар. Ауырмайтын жол ізде онлайн телехикаясында қарапайым қазақстандықтардың шынайы оқиғалары барынша ашылып айтылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау