0
Отбасы NUR❤TV
Астана NUR❤TV Астана арна

Отбасы (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -

Бір пәтерде

Отбасы - үлкен қазақ жанұясындағы қызықты жайттарға арналған комедиялық сериал. Үйдегі басты отана - енемен бірге үйдегі бірнеше бала-шаға бір пәтерде тұрып жатыр. Келіндері мама деп атайтын сүйкімді әрі мейірімді әйел табан астында адам танымастай өзгеріп, қатал енеге айналып шыға келеді. Оның әр нәрсеге айтатын өз уәжі бар. Ал өздерімен бір шатырдың астында тұратын жас жұбайларға ененің сөзі өтетіні сөзсіз. Әрине, кез келген ене секілді ол өз балаларына көп қаталдық танытпайды. Бірақ, келіндерін қатал тәртіпке бағындырып, ошақ басынан алыстауға еш мүмкіндік бермейді. Өзіне деген мұндай қарым-қатынастан келіннің біраз қиналатыны рас, алайда, ол ұрыс-керістен бойын аулақ ұстап, енесінің барлық талабын орындауға тырысады.

Туысқансымақтар

Үйдегі отанасы өзінің ерке ұлын елден артық жақсы көріп, оның айтқан сөздерін бұлжытпай орындайды. Ұлын қатты қызғанатын анасы келінді ас пісіріп, киім жуып, баласына қызмет көрсету үшін ғана үйіне кіргізеді. Келінімен қанша тіл табысқысы келсе де, қызғаншақ әрі қатал енеге өзге адамды қабылдау қиынға түседі. Ал келіннің ауылдағы анасы қалаға қонақ болып келгенде отанасының қандай күйге түсетінін бағамдай беріңіз. “Отбасы” сериалындағы екі құдағидың кездесуі кез келген көрерменді күлкіге қарық қылатыны сөзсіз. Екеуі де бір-бірін көргені үшін ерекше қуанған кейіп танытқанымен, құдағилардың арасындағы суық қатынасты аңғармау мүмкін емес.

Қатаң бақылауда

Енесінің көңілінен шығуға қанша тырысқанымен, жас келіннің әрбір әрекеті отанасына жаққан емес. Келіні бір сәтке де тыныш таппауы үшін қатал ене қолдан келгеннің бәрін жасайды. Ал үйдің шаруасы біткен бе? Еден жуып, кір жуып, киім үтіктеп, тамақ дайындаудың өзі жас келін үшін үлкен күш. Ал келіні үй шаруасын жасай бастағанда басы-қасында жүретін енесі оған әрбір қадам сайын бұйрық беріп, мазасын ала бастайды. Отбасы онлайн сериалы арқылы көрермендер әрбір жанұяда тыныштық пен берекені сақтап, ұрыс-керісті қалай қалжыңға айналырудың жолын табады.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау