Басты бет / Сериалдар / Домашние войны
Домашние войны NUR❤TV
Астана NUR❤TV Астана арна

Домашние войны (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Үйлену керек

Үйдегі соғыстар - ана мен бала және келін арасындағы қарым-қатынас туралы сериал. Залиха - жергілікті базар басшысы, іскер әрі үстемшіл әйел. Ол жалғыз, сүйікті баласы Нұрлан үшін отқа да суға да түсуге дайын. Әйел баласының ересек азамат болғанына қарамастан, оған қалай өмір сүру керек екенін үйретіп отырғысы келеді. осыған қарамастан, Нұрлан болашақ жарын өзі таңдайды. Залиха ұлына бұрыннан бері бір саудагердің ақымақ қызына үйлен деп қоймай жүрген. Алайда ол өзі сүйген аруды алады. Анасы өз баласының айтқанын тыңдамай кеткеніне сене алмай жүргенде, үйінде жаңа келін келіп түседі.

Бір сәтке де тыныштық жоқ

Айжан - тып-тыныш жүретін, сабырлы, әрі жақсы қыз. Ол музыканттар отбасында дүниеге келген. Анасы - опера әншісі, әкесі - дирижер. Сондықтан нарықтық қатынас әлемі ол үшін тым бөлек. Алайда Залиханың үйінде ол көп жаңашылдықпен танысып, басқа әлемге үйренуі керек болады. Енесі оны әуел баста естігеннен-ақ жақтырмай, келініне қарсы соғысты бастап кеткен. Айжанның әбден жүйкесін тоздырып, баласына шешімінің қате болғанын ұғындырғысы келген. Үйдегі соғыстар онлайн сериалында анасы баласының бақыты үшін күресіп, келінінің көзін құртқысы келеді.

Бір отбасы

Нұрлан анасын да ренжіткісі келмейді, әйелін сүйеді. Осылай жүріп екі оттың арасында қалып қояды. Әйелдердің қарым-қатынасы ушығып, бір-бірімен мүлдем тіл табыса алмайды. Ененің мінезіне төзу мүмкін емес. Себебі ол қайтсе де Айжанға жамандық жасағысы келіп тұрады. Ал Айжан мұндай жағдайды бұрын соңды көрмеген. Сонда да жаңа отбасына үйренісіп кету үшін барын салады. Бұл оқиға көрермендер үшін үлкен жаңалық болмаса да, әр оқиғаның өз қызықтары бар. Мінездердің қарама-қайшылығы өмірде көптеген даудың тууына себеп болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау