Тағдыр NUR❤TV
Астана NUR❤TV Астана арна

Тағдыр (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Отбасындағы трагедия

Тағдыр сериалы - 20 жылдық уақыт кезеңін қамтитын қазақстандық мелодрама. Оқиға 1992 жылы Жұлдыз есімді қыздың дүниеге келуінен басталады. Ол халық арасында өте сыйлы Қалиханның қызы. Алайда бұл нәрестені қайғылы оқиғадан арашалап қала алмайды. Жұлдызды босану үстінде анасы қайтыс болып, жаңа туған сәби әкесінің қарауында қалады. Оқиғанының қуанышты әрі қайғылы барысында Жұлдыздың асыраушысы пайда болады. Оның анасын босандырған дәрігер де қайтыс болып, марқұмның әйелі сәбиді өзіне алады. Ер азамат жұмбақ жағдайда қайтыс болған соң, оның әйелі орны толмас қайғы жұтып, қызды өзіне жұбаныш ретінде көреді.

Отбасылық дастан

Мелодраманың режиссері өзінің сапалы жұмыстарымен танымал Ақан Сатаев. Отбасылық дастанды оның басқаруымен Айдын Сахаман түсірген. Тағдыр онлайн сериалында жетім қалған қыздың қалай өскенін және оның айналасында не болып жатқанын көреміз. Оның әкесі Қалихан өмірде түрлі қиындықтарға тап болса да, жақсы адам болып қала береді. Ол көрермендерді өзінің әрекеттерімен, ал Жұлдыз нәзіктігімен және мейірімділігімен таңғалдырады. Әрбір жағымды кейіпкерге оның бақытын шайқағысы келетін жаман ойлы адам кездесіп отырады.

Аяныш пен ыза

Тағдыр сериалының жиырма  бөлімінде кейіпкерлердің жиырма жылдық өмірі өтеді. Бұл уақыт ішінде Жұлдыз бойжетіп, ер жігіттер ғашық болатын сұлу қызға айналады. Оның әсемдігіне көрермендер де қызыға қарайды. Себебі оның келбеті жан дүниесі мен жасаған іс-әрекетіне сай келеді. Ол қаншалықты кең пейілді жақсы қыз болса да, қолайсыз жағдайлардан қашып құтыла алмайды. Шын өмірде де кездесетін теріс пиғылды адамдар секілді, сериалдағы Жаназардың бір өзі қаншама жамандық алып келеді. Бұл мелодрамада көптеген кейіпкер тағдыры сыйластықпен қарап, аяушылық білдіруге тұрарлық. Сондықтан олардың өмірінде жақсылық та орын алатын шығар деп үміттенуге болады.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау