Басты бет / Сериалдар / Жұмбақ тағдыр
Жұмбақ тағдыр NUR❤TV
Алматы NUR❤TV Алматы арна

Жұмбақ тағдыр (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -
0

Тұрмыстық жанжалдар

“Жұмбақ тағдыр” бағдарламасы шаруашылық және отбасы мәселелеріне арналған. Кеде кішкентай ғана түсініспеушіліктер үлкен трагедияға әкеп соғуы мүмкін. Қиын жағдайлар әр адамның өмірінде болады, бірақ кез-кезген адам оларды өздігінен шеше алмайды. Кейде адамдар өз істерін талдауды тым кеш бастап, оны қате жасағаны туралы кеш ойланады. Тіпті, біздің өткенге қайта оралып, барлығын басынан бастауға мүмкіндігіміз болмаса да, нақ сол шақта дұрыс шешім қабылдап, жағдайды реттеуге болады. Сарапшылар мәселені шешуге және дұрыс жол табуға көмектеседі.

Өмірлік оқиғалар

Жұмбақ тағдыр онлайн бағдарламасында біз ана махаббатының күші туралы оқиғаны көреміз. Сәуле өзі жалғыз өсірген ұлына бар өмірін арнаған әйел. Ол уақытының барлығын баласына арнауы керек деп санағандықтан, жеке өмірден  бас тартып, тіпті жұмыстағы ұсыныстарды да қабылдамай қойған. Қадырәлі анасының махаббатына бөленіп өскен. Ол есейген соң қалаға оқуға кетеді. Қарт ана жалғыз қалады. Ал баласы оған өздігінен қоңырау шалуды қойып, тіпті өте сирек баратын болады. Анасы әбден ойланып, ұлын қалай ренжітіп алдым екен деп уайымдайды. Оның мәселесін шешуге психолог мамандар көмектеседі.

Балалар мен ата-аналар

Сюжеттердің көпшілігі туысқандық қарым-қатынас пен отбасылық дауларға арналған. Көбінесе балалар ата-анасымен тіл табыса алмай, соңында ол үлкен дауға айналып кетеді. Ересектер өз балаларын бақылап отырғысы келеді. Ал жастар болса, өз бетінше өмір сүруді қалайды. Осылай жүріп алаяқтарға жем болып, өтірікшіге тап болғанын байқамай қалады. Жұмбақ тағдырдың оқиғалары Қазақстанда тұратын адамдардың басынан өткен, шын өмірде болған жағдайлар. Біреудің қайғылы оқиғасына қарап отырып, көрермендер өздерін және жақындарын орын алуы мүмкін қауіптерден құтқарып қалатын жағдайлар кездеседі.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау