Басты бет / Мультфильмдер / Қамбар батыр
0
Қамбар батыр NUR❤TV
Anima Book NUR❤TV Anima Book арна

Қамбар батыр (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -

Адамдықтың биігі

Қамбар батыр мультсериалы да батырлар жырына негізделген. Алайда, ол өзге батыр жырынан ерекшеленеді. Бірнеше жүз жыл бұрынғы оқиғаға негізделген сюжет бойынша, басты кейіпкер бейбіт заманда өмір сүреді. Басқа батырлар секілді Қамбар ақсауыт киіп, майдан алаңында түнемейді, алайда, бейбіт заманда да ерлік жасауға болады. Бұл мультсериалда экшн аз, алайда, кейіпкерлерің мінезі терең зерделеніп, ешқандай қаруды қажет етпейтін адамгершілікке үлкен мән берілген. Батыр бейбіт заманда отандастарына жақсы өмір сүріп, еркін жүріп-тұруына көмектеседі.

Халық намысының қорғаушысы

Жас кезінде Қамбардың бірнеше таланты ашылады. Ол атқанын дәл тигізетін мерген әрі аңшы, сондай-ақ, аттың құлағында ойнайтын жігіт атанады. Ол ерлік көрсетіп, шайқаста топ жаратын батыр болып өседі. Қамбар батырдың жеріне қалмықтардың тарапынан қайта-қайта қысым болып, шабуыл толастамайды. Тұтқиылдан жау келсе қолына қару алып, үстіне ақсауыт киіп жаумен алысуға дайын еді Қамбар. Қамбар батыр мультигінде біз көрші ауылдағы байлардың отбасы өз қызына күйеу жігітті қалай таңдайтынына куә боламыз.

Батылдық пен даналық

Эпос жазылған бағзы заманда байлар өз қызына жар таңдау үшін төменгі тап өкілдерін шақырмаған. Алайда, Қамбар кедей отбасынан шықса да, оның батыр әрі дана екенін барлығы білетін. Сол себепті, оны Назым қызына күйеу жігіт таңдап жатқан Әзімбайдың үйіне кіргізеді. Назым сұлудың жүрегін жауламақ болған жігіттер қылыштасудан өнер көрсетіп, батылдық пен ептілікке бағытталған түрлі сайысқа қатысады. Қамбар батыр онлайн мультсериалында қантөгіске бармай-ақ, мәселені бейбіт жолмен, ерекше даналықпен шешудің үлгісі көрсетіледі. Бұл хикая шығарманы нағыз ертегі мен поэзияға айналдыратын түрлі метафора және теңеулерге бай.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау