0
Алдар Көсе NUR❤TV
Anima Book NUR❤TV Anima Book арна

Дедова тюбетейка (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -

Халықтың сүйіктісі

Алдар Көсе мультфильмі қазақ фольклорындағы ең танымал кейіпкерге арналған. Оның бейнесін біз түрлі ертегі, анекдот, сатиралық оқиғалардан біліп алғанбыз. Ал оның есімінің өзі қандай екенін аңғартып тұр емес пе? Алдар - көк тиын ақшасы жоқ кедейдің баласы. Ақшасы жоқ болса да ол қулық пен ептіліктің бәрін меңгерген. Ол бұл қасиетін сәтті пайдаланып, байлардың өзін алдап кетеді. Оның ақылдылығында шек жоқ. Алдар өзінің ептілігін пайдаланып жоқ-жұтаң  мен кедей-кепшіктің әділдікке қол жеткізуіне көмектеседі. Алдардан алған сабағын ешкім ұмыта қоймайды, себебі, ол сияқты қу адам жер бетінде жоқ.  

Айлакер Алдар

Мұндай образдағы кейіпкерді өзге халықтардың фольклорынан да табуға болады. Өзінің ақыл-айласымен байларды тақырға отырғызатын Алдар көптеген халықтарда бар. Алдар Көсе онлайн мультфильмінде біз оның басынан өткне түрлі оқиғаларды тамашалап, оның айласына тәнті боламыз. Ол айлакерлігінің арқасында байдың тонын да шешіп алады, сараң сатушыларды да тақырға отырғызады, ұрыларды қақпанға түсіріп, қарапайым халықтың қамын ойлайды. Алдарды кедейлердің қорғаушысы деп атаса да болады.

Кедейлердің қорғаушысы

Айлакер Алдар туралы оқиғалардың бәрінде өмірлік мән жатыр. Сол себепті, балалар ғана емес, Алдар туралы мультикті ересектер көрсе де болады. Әрине, алдап кетудің жақсы еместігін білеміз. Алайда, фольклор кейіпкерлері осы арқылы әділдік орнатуға тырысады. Ол Робин Гуд секілді өзгелердің ақшасын кедейлерге таратып бермейді, бірақ, байлар мен ақымақтарды күлкілі жағдайға қалдырып кетеді. Егер бай жұмысшысына еңбегін төлемей кетсе, Алдар көсе оны бұл қылығына өкінетіндей етіп алдайды. Алдар Көсе балалар мен ересектерге арналған көңілді мультфильм ғана емес, бұл өмірді өзгеруге әсер ететін құнды тағылым.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау