Басты бет / Мультфильмдер / Казахский Эпос
0
Казахский Эпос NUR❤TV
Anima Book NUR❤TV Anima Book арна

ЕР ТӨСТІК (1 сезон, 1 серия)

Кинопоиск : - IMDb: -

Аңыздар жиынтығы

Қазақ эпосы мультфильмі - қазақ халқының өткенін бейнелейтін батырлар жырының жиынтығы. Махаббат пен ерлікті дәріптейтін жырлар алдымен ауыздан ауызға таралып, кейін жазбаша түрде ертегіге айналып кетті. Бүгінде біз аталған ертегілерді мультипликациялық форматта көре аламыз. Бұл балаларды ғана емес, ересектерді де қызықтыратыны сөзсіз. Аңыздар жиынтығына Ер Төстік, Қыз Жібек, Қозы Көрпеш  - Баян Сұлу және басқа да жырлар кірген. Мұндағы оқиғалар орта ғасырларда өткіп кетсе де, өмір бойы маңызын жоймайтын құндылықтар туралы айтылады.

Өткен өмір

Қазақ лиро-эпостарында сенім мен патриоттық сезім, ерлік пен махаббат жырланады. Бұл оқиғалардың көпшілігі Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі кезеңдерде туған. Мәселен, Қыз Жібек поэмасы 15 ғасырдың басында жарық көрді. Бұл поэманың бас кейіпкерлері  - ерте заманнан бері жауласып келе жатқан екі әулеттегі қыз бен жігіт. Ержүрек жауынгер Төлеген Жібек есімді аруға ғашық болып, оның махаббаты үшін күреседі. Бұл жолда ол екі әулет арасындағы кикілжіңді көзіне де ілмейді. Алайда, Жібекке әу бастан ғашық Бекежан екеуінің арасына түсіп, Төлегенді аяусыз өлтіреді. Кейін Төлегеннің өлімі үшін Жібек кек алады.

Баянсыз махаббат

Қазақ эпосы онлайн мультфильмінде біз қазақтың ауыз әдебиетіндегі тағы бір жақұт жырмен танысамыз. Қозы мен Баян тарихы 13-14 ғасырларда пайда болды деген деген дерек бар. Сондай-ақ, бұл көптеген түркітілді халықтарға ортақ жыр болып саналады. Бұл жыр өздерінің балаларын атастырып қойған екі достың сертімен басталады. Екі әкенің сертіне қарамастан, қыз бен жігіт өсе келе бір-бірін сүйіп қалады. Алайда, Қозының әкесі өлген соң, қыздың әкесі сертінен тайып, Баянды байдың баласына бермек болады. Бір-бірін шексіз сүйген қос ғашық өздерін қоспаған тағдырына қатты қапаланады. Олар Ромео мен Джульеттаның тағдырын қайталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау