Шебер

18+ 2:17:00
Кинопоиск: 6.655 IMDb: 7.1
0

Дыбыссыз әлем

Шебер - автокөлік қызметінде жұмыс істейтін саңырау адам туралы әлеуметтік фильм. Ол ести және сөйлей алмайтынына қарамастан, машиналардың қыр-сырын жігіт өте жақсы меңгерген. СТО-ның иесі оған қызметкер ретінде қараса, басқа шеберлер оған өзгеше қарап,  саңырау екенін кекетіп ойнайды. Ол өзгелердің күлкісіне қарамастан, жұмысын жалғастырады, өйткені ол өзінің жұмысын жақсы көреді және бұдан басқа жұмыс табу оңай болмайтынын түсінеді. Жас жігіт сөйлесу мен есту мүмкіндігінен айрылмаған қарапайым адамдар сияқты өмір сүруге тырысқанымен, оның өмірі әлдеқайда өзгеше.

Вип-тұтынушы

Бір күні сервизге машинасын жөндетуге әкелген бір қыз келеді. Оның сұлулығына бас ұрған шебер жігіт, өзінің адамдармен сөйлесуге арналған тақташасына ол туралы жазып беруге бел буады. Қыз жымияды да, кетіп қалады, бірақ жөндеуден өткен автокөлікті қайтару үшін ол екеуіне қайтадан кездесуге тура келеді. Шебер онлайн фильмінде негізгі кейіпкердің кемшіліктері оның жақсы адам болуына кедергі келтірмейтінін және қалған әлемді өзгелерден кем сезінбейтінін көреміз. Ол әдемі және бай қыздың назарын өзіне аударуға мүмкіндігі жоқ екенін түсінсе де, сезіміне қарсы тұра алмайды.

Қайырымды іс

Белгілі бір жағдайларға байланысты өрт пайда болғанда, кішкентай қызы әйелдің машинасында қалып қояды. Кішкентай қызды құтқару үшін әйелдің өзі бара жатқанда оны СТО-ның иесі жібермей тұрғанда, көмекке мылқау шебер барады. Ол зардап шегуі әбден мүмкін екенін біле тұра, кішкентай қызға көмектесіп, оның анасына ұнамды болғысы келеді. Неліктен ол жердегі жұмысшылардан басқа біреу емес, отқа сол  барады? Оның есту қабілетінің бұзылуы жүрегіне әсер етпейді, құлағын саңыр етсе де, жүрегін саңыр, сезімсіз етіп жаратпаған. Шебер фильмінің сюжеті бізге адамның кемшіліктеріне емес, адамдық қадiр-қасиетiне назар аудару керек екенін түсінуге көмектеседі.

ПОДРОБНЕЕ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау