Басты бет / Фильмдер / Қанекей, тілім сөйлеші
Қанекей, тілім сөйлеші NUR❤TV
Алматы NUR❤TV Алматы арна

Қанекей, тілім сөйлеші

Кинопоиск: - IMDb: -
0

Тіл мәселесі

“Тіл- ұлттық кодтың сақтаушысы” фильмі қазақ тілінің тархы мен қазіргі статусына арналған. Лингвистер мен тарихшылар мемлекеттік тілге төніп тұрған қауіп пен артта қалған қиындықтар туралы баяндайды. Бүгінде көптеген тілдер жойылудың сәл-ақ алдында тұр. Олар сол тілді тұтынатын ең соңғы адам өмірден өткен соң жойылып кетеді. Қызыл кітапта тұрған тілдердің саны қаншама?! Жаһанданудың талабы бойынша адамзат ағылшын, шет тілдерін меңгеруде. Мәселенің ушыға түсуіне эмиграция да әсер етеді.

Тарихты сақтау

Қазақ тілі түркі тілдерінің тобына жатады және ол мыңдаған жылдар бұрын пайда болды. Тіліміздің тарихы тереңде жатөанын санскрит сөздерін пайдалану дәлеледейді. Әлемдегі жеті мыңға жуық тілдің ішінде екі жүзге жақын тілдің ғана мемлекеттік мәртебесі бар. Олар қорғауда болғанымен, олардығ әрі қарайғы дамуына ешкім кепіл болмайды. Көптеген қазақстандықтар елден кетіп, ағылшын тілін үйренеді де, өз тілін ұмытып қалады. Қазақстан тарихын қарайтын болсақ, кеңес заманында тіліміздің басына қара бұлт үйіріліп, жойылудың аз-ақ алдында қалды.

Ұлт үшін күрес

Мамандар сталиндік репрессияның қазақ халқына ауыр соққы болғанын еске алады. Репрессия кезінде қазақ ұлтының зиялы қауымы түгелдей атылып кетті. Олардың қатарында қазақ тілінің болашағын ойлаған лингвист ғалымдар да бар. Осыдан соң, қазақ тілінің мәртебесі одан әрі төмендей бастады. Маңызды мемлекеттік істердің барлығы орыс тілінде жүргізілді, бүгінгі таңда да ресми тілде сайрайтын отандастарымыздың саны азаймай отыр. Мұның біздің тілімізге тигізетін әсері қандай және мұның соңы неге әкелуі мүмкін екенін біз “Тіл- ұлттық кодтың сақтаушысы” фильмінен көре аламыз. Аталған фильмде тілді сақтап қалудың амалдары көрсетіледі.

ПОДРОБНЕЕ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау